Об установлении ограничительных мероприятий на территории города Шымкент

Постановление акимата города Шымкент от 1 июля 2019 года № 573. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Шымкент 4 июля 2019 года № 51. Утратило силу постановлением акимата города Шымкент от 11 октября 2019 года № 779

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Шымкент от 11.10.2019 № 779 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1-1 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан по городу Шымкент от 13 июня 2019 года № 03-12/419, акимат города Шымкент ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить ограничительные мероприятия в связи с выявлением очага бешенства в жилом массиве Тогус Енбекшинского района города Шымкент.

      2. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкент" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции города Шымкент;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления акима направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Шымкентский региональный центр правовой информации-филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории города Шымкент;

      4) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Шымкент после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Шымкент Д.Жумина.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Шымкент Г.Абдрахимов

Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 573 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 шілдеде № 51 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 779 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдігiнiң 11.10.2019 № 779 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 03-12/419 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Тоғыс тұрғын үй алабында құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Д.Жуминге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов