Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера

Решение акима Казталовского района Западно-Казахстанской области от 8 августа 2019 года № 16. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 8 августа 2019 года № 5762. Утратило силу решением акима Казталовского района Западно-Казахстанской области от 29 августа 2019 года № 18

      Сноска. Утратило силу решением акима Казталовского района Западно-Казахстанской области от 29.08.2019 № 18 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года №756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", на основании протокола комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Казталовского района Западно-Казахстанской области №5-1/10 от 6 августа 2019 года, временно исполняющий обязанности акима Казталовского района РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба на территории Казталовского района.

      2. Назначить руководителем по ликвидации чрезвычайной ситуации природного характера заместителя акима Казталовского района Зулкашева Рустема Мулкаевича и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.

      3. Руководителю аппарата акима Казталовского района (А. Исламбеков) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 2019 жылғы 8 тамыздағы № 16 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 тамызда № 5762 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 29.08.2019 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының төтенше жағдайларының алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2019 жылғы 6 тамыздағы №5-1/10 хаттамасы негізінде, Казталов ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Казталов ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зулкашев Рустем Мүлкайұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Исламбеков) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.