О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда

Постановление акимата Жамбылской области от 29 мая 2020 года № 123. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 3 июня 2020 года № 4625

      В соответствии с Лесным кодексом Республики Казахстан от 8 июля 2003 года и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. В периоды высокой пожарной опасности в лесу (с 1 июня до 20 сентября 2020 года) запретить пребывание физических лиц на территории государственного лесного фонда.

      2. Акимам районов и коммунальному государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области" (далее – Управление) в пределах своей компетенции обеспечить:

      1) проведение разъяснительной работы среди населения, в том числе и посредством средств массовой информации;

      2) оборудование шлагбаумами въезды на территории государственного лесного фонда, организацию круглосуточного патрулирования по периметру территории.

      3.Управлению в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после регистрации настоящего постановления его направление на официальное опубликование;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Жамбылской области.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Б.Нигмашева.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Жамбылской области Б. Сапарбаев

Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 123 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 маусымда № 4625 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңдерде (2020 жылдың 1 маусымынан 20 қыркүйегіне дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.

      2. Аудан әкімдері және "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) өз құзыреті шегінде:

      1) халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да;

      2) мемлекеттік орман қоры аумағына кіреберістерді шлагбаумдармен жабдықтауды, тәулік бойы аумақтардың периметрі бойынша патрульдеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Нығмашевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев