О внесении изменений в решение Жетысайского районного маслихата от 27 декабря 2018 года № 10-52-VІ "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Жетысайского районного маслихата Туркестанской области от 4 мая 2020 года № 31-163-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 5 мая 2020 года № 5605. Утратило силу решением Жетысайского районного маслихата Туркестанской области от 31 декабря 2020 года № 41-219-VI

      Сноска. Утратило силу решением Жетысайского районного маслихата Туркестанской области от 31.12.2020 № 41-219-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Жетысайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жетысайского районного маслихата от 27 декабря 2018 года № 10-52-VІ "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4899, опубликовано 22 февраля 2019 года в газете "Жаңа Жетісай" и 12 февраля 2019 года в эталонном контрольном банке нормативно правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующее изменение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жетысайского района, утвержденных указанным решением:

      в подпункте 1) пункта 7 цифру "300 000" заменить цифрой "1 000 000";

      2. Государственному учреждению "Аппарат Жетысайского районного маслихата" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерство юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Жетысайского районного маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата М. Амирбекова
      Секретарь районного маслихата А. Утанов

Жетісай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 10-52-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 мамырдағы № 31-163-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 5 мамырда № 5605 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 41-219-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 31.12.2020 № 41-219-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жетісай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 10-52-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4899 тіркелген, 2019 жылғы 22 ақпандағы "Жаңа Жетісай" газетінде және 2019 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жетісай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тізбесін айқындаудың қағидасында:

      7 тармақтың 1) тармақшасындағы "300000" саны "1000000" санымен ауыстырылсын;

      2. "Жетісай аудандық маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Жетісай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы М. Амирбекова
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Утанов