Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Макарово Макаровского сельского округа района Бәйтерек

Решение акима Макаровского сельского округа района Бәйтерек Западно-Казахстанской области от 29 июня 2020 года № 15. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 30 июня 2020 года № 6288. Утратило силу решением исполняющего обязанности акима Макаровского сельского округа района Бәйтерек Западно-Казахстанской области от 23 декабря 2020 года № 48

      Сноска. Утратило силу решением исполняющего обязанности акима Макаровского сельского округа района Бәйтерек Западно-Казахстанской области от 23.12.2020 № 48 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Территориальная инспекция района Бәйтерек Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 27 апреля 2020 года № 1-28-241, исполняющий обязанности акима Макаровского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Установить ограничительные мероприятия на территории села Макарово Макаровского сельского округа района Бәйтерек в связи с выявлением заболевания бруцеллеза среди крупного рогатого скота.

      2. Главному специалисту аппарата акима Макаровского сельского округа (Абилкакимов Е.) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      И.о. Аким Т. Кужагалиев

Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі Макаров ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 маусымдағы № 15 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 маусымда № 6288 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 48 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 23.12.2020 № 48 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бәйтерек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 1-28-241 ұсынысы негізінде, Макаров ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округінің Макаров ауылының аумағында мүйізді ірі қара мал арасынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Макаров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Е.Абилкакимов) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім м.а. Т. Кужагалиев