О приостановлении действия приказа Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 102 "Об утверждении форм заявления физического лица о применении налоговых вычетов и справки о расчетах с физическим лицом"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 февраля 2021 года № 120. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 февраля 2021 года № 22241

      В соответствии с пунктом 1 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Приостановить до 1 января 2025 года действие приказа Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 102 "Об утверждении форм заявления физического лица о применении налоговых вычетов и справки о расчетах с физическим лицом" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 16364, опубликован 1 марта 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить: 

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан; 

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования. 

      Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

"Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтінішінің және жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 102 бұйрығының қолданылуын тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 120 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 ақпанда № 22241 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтінішінің және жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 102 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16364 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 1 наурызда электрондық түрде жарияланған) қолданылуы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев