Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтінішінің және жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 ақпанда № 16364 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданылуы 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады – ҚР Қаржы министрінің 18.02.2021 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2020 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 343-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 359-бабы 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтінішінің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысаны бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама мен жұмыскердің салық шегерімдерін қолдану туралы өтініш нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 10 тамыздағы № 439 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14220 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған) бұйрығының;

      2) "Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама мен жұмыскердің салық шегерімдерін қолдану туралы өтініш нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 10 тамыздағы № 439 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 73 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14843 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 24 ақпанда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 102 бұйрығына
1-қосымша
  нысан

Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы ӨТІНІШІ

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 20.03.2019 № 265 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Кімге _____________________________________________________________________

      (Атауы, салық агентінің (жұмыс берушінің) ЖСН/БСН)

      Кімнен ___________________________________________________________________

      (Жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (егер бұл жеке басын куәландыратын

      құжатта болса) және ЖСН)

      Салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығын есептеу кезінде төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден мынадай салық шегерімдерін қолдануды сұраймын:

1.

Міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салық шегерімі – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде


ия

2.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салық шегерімі


ия

3.

Стандартты салық шегерімдер


ия

4.

Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі


ия

5.

Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі


ия

6.

Оқытуға салық шегерімі


ия

7.

Медицинаға арналған салық шегерімі


ия

8.

Сыйақылар бойынша салық шегерімі


ия

9.

Алдын ала шегерімі


ия

      Салық шегерімдерін қолдану үшін мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      __________________________________________________________________________

      Қосымша "_______" парақта.

      Мынаны растаймын:

      1) осы өтініште көрсетілген салық шегерімдері басқа салық агенттері (жұмыс берушілері) қолданбағанын;

      2) көпбалалы отбасы үшін салық шегерімі (нұсқалардың бірінде T белгілеңіз):

      а) жұбайы (зайыбы) кіріс есептелген әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 23 - еселенген мөлшерінде қолданатынын (өтінішке жұбайының (зайыбының) колы қойылуы керек);

      б) жұбайы (зайыбы) кіріс есептелген әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 12 - еселенген мөлшерінде қолданатынын (өтінішке жұбайының (зайыбының) қолы қойылуы керек).

      Мен Кірістер мен мүліктер туралы (270.00-нысан) декларациясын табыс етуге міндеттеме аламын.

      Ескертпе: жұбайы (зайыбы) болмаған жағдайда көпбалалы отбасы үшін салық шегерімін қолданған кезде өтінішке жұбайының (зайыбының) болмауын растайтын нотариалды куәландырылған құжат қоса берілуі қажет.

      _________________________________/ _______________ 20___ жылғы "___" ______________

      (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты                         (қолы) (өтінішті беру күні)

      (егер бұл жеке басын куәландыратын құжатта болса))

      _______________________________________/ _________ 20___ жылғы "___" ______________

      (жеке тұлғаның жұбайының (зайыбының) Тегі Аты Әкесінің аты (егер бұл жеке басын

      куәландыратын құжатта болса)) (қолы) (өтінішті беру күні)

      Назар аударыңыз! Салық шегерімдерін қолдануға өтініш әр күнтізбелік жылы жұмыс берушіге табыс етіледі. Егер де келесі жылдары мәліметтері өзгермейтін салық шегерімдері бойынша растау құжаттары ұсынылған жағдайда, аталған құжаттардың әр жыл сайын қосымша табыс етілуі талап етілмейді.

      Жұбайының (зайыбының) қолы тек көпбалалы отбасы үшін салық шегерімдерін қолданған жағдайда ғана талап етіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 102 бұйрығына
2-қосымша
  нысан

Жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы АНЫҚТАМА

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 20.03.2019 № 265 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Салық кезеңі:____________________________________________________________________

      Жеке тұлғаның ЖСН:_____________________________________________________________

      Жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (егер бұл жеке басын куәландыратын құжатта болса): ________________________________________________________________________________

      Салық агентінің (жұмыс берушінің) ЖСН (БСН) _______________________________________

      Салық агентінің (жұмыс берушінің) атауы____________________________________________

Айы

Төлем өзінен салық салуға жататын кірістің сомасы

Жеке табыс салығы бойынша түзетудің сомасы, оларды көшіруді қоса алғанда*

Қолданылған салық шегерімдерінің сомасы, оларды көшіруді қоса алғанда, барлығы**:

Оның ішінде:

Жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасы

Жеке табыс салығының сомасы

Төленген кірістің сомасы

міндетті зейнетақы жарналары

Стандартты шегерім

Міндетті медициналық сақтандыруға

Көп балалы отбасылар үшін

Ерікті зейнетақы жарналары үшін

Оқу үшін

Медицина үшін

Сыйлықақылар бойынша

1

2

3

4 (5+6+7+8+9+10+11+12)

5

6

7

8

9

10

11

12

13 (2-3-4)

14 (13*10%)

15

қаңтар















ақпан















наурыз















сәуір















мамыр















маусым















шілде















тамыз















қыркүйек















қазан















қараша















желтоқсан















БАРЛЫҒЫ:















      Басшы       ________________                  ___________             _________

                  (Тегі Аты Әкесінің аты (егер       (мөрдің орны,             (қолы)

                  бұл жеке басын                   жеке кәсіпкерлік

                  куәландыратын құжатта болса)       субъектілеріне жатпайтын

                                                заңды тұлғаларды қоспағанда)

      Анықтама беруге жауапты лауазымды тұлға_____________________________________

      (Тегі Аты Әкесінің аты (егер бұл жеке басын

            куәландыратын құжатта болса) (қолы)

      Анықтаманың берілген күні 20_____ жылғы"_____" ________________

      Ескертпе:

      * - салық салудан босатылатын кірістер (кірістерді түзету) Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында қарастырылған, кірісті түзетуді көшіру Салық кодексінің 356-бабына сәйкес жүргізіледі.

      ** салық шегерімдері Салық кодексінің 347, 348, 349, 350, 351-баптарында қарастырылған, стандартты салық шегерімін көшіру Салық кодексінің 356-бабына сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады