Об установлении ограничительных мероприятий между жилыми домами № 1-5 улицы А.Навои села Жибек-жолы Жибек-жолынского сельского округа

Решение акима Жибек-жолынского сельского округа Сайрамского района Туркестанской области от 2 апреля 2021 года № 5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 2 апреля 2021 года № 6139. Утратило силу решением акима Жибек-жолынского сельского округа Сайрамского района Туркестанской области от 14 июня 2021 года № 11

      Сноска. Утратило силу решением акима Жибек-жолынского сельского округа Сайрамского района Туркестанской области от 14.06.2021 № 11 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления руководителя Сайрамской районной территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 марта 2021 года № 08-02-03/199 и в целях ликвидации очагов заразных болезней животных аким Жибек-жолынского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с выявлением очага заболевания бруцеллеза установить ограничительные мероприятия между жилыми домами № 1-5 улицы А.Навои села Жибек-жолы Жибек-жолынского сельского округа.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Жибек-жолынского сельского округа Сайрамского района" в установленном законодательством Республики Казахстан в порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Сайрамского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Жибек-жолынского сельского округа А. Тураров

Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы ауылы А.Навои көшесінің № 1-5 тұрғын үйлері аралығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 5 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 сәуірде № 6139 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің 14.06.2021 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 08-02-03/199 ұсынысына сәйкес және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жібек-жолы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы ауылы А.Навои көшесінің № 1-5 тұрғын үйлері аралығына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Сайрам ауданының Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жібек-жолы ауылдық округінің әкімі А. Тураров