Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Решение акима Железинского района Павлодарской области от 15 июля 2022 года № 6. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 июля 2022 года № 28824

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера" РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба на территории Железинского района Павлодарской области

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации природного характера назначить курирующего заместителя акима Железинского района и поручить провести мероприятия, направленные на ликвидацию чрезвычайной ситуации природного характера.

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Железинского района" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет – ресурсе акимата Железинского района.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Железинского района А. Шайхимов

Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 шілдеде № 28824 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Павлодар облысы Железин ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Железин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. "Железин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің Железин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Железин ауданының әкімі А. Шайхимов