Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба

Решение исполняющего обязанности акима Таскалинского района Западно-Казахстанской области от 23 августа 2022 года № 12. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 августа 2022 года № 29309. Утратило силу решением акима Таскалинского района Западно-Казахстанской области от 28 декабря 2022 года № 16

      Сноска. Утратило силу решением акима Таскалинского района Западно-Казахстанской области от 28.12.2022 № 16 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", на основании протокола комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Таскалинского района Западно-Казахстанской области № 9 от 16 августа 2022 года, РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию техногенного характера местного масштаба на территории села Чижа-ІІ Таскалинского района.

      2. Руководителю аппарата акима Таскалинского района обеспечить государственную регистрацию данного решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима района Т. Шакиров

Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 23 тамыздағы № 12 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда № 29309 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 28.12.2022 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының төтенше жағдайларының алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 9 хаттамасының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Тасқала ауданы ІІ-Шежін ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Т. Шакиров