О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылского района

Постановление акимата Жамбылского района Алматинской области от 19 января 2024 года № 11. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 19 января 2024 года № 6074-05

      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" акимат Жамбылского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу некоторые постановления акимата Жамбылского района Алматинской области согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Жамбылского района Н. Ертас

  Приложение к постановлению акимата Жамбылского района от 19 января 2024 года № 11

Перечень утративших силу некоторых постановлений

      1)Постановление акимата Жамбылского района от 10 октября 2016 года № 504 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации и освобожденных из мест лишения свободы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3985);

      2)Постановление акимата Жамбылского района от 10 октября 2016 года № 505 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3987);

      3)Постановление акимата Жамбылского района от 06 января 2017 года № 1 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4066).

Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 11 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 қаңтарда № 6074-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданы әкімі Н. Ертас

  Жамбыл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 11 қаулысына қосымша

Күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі

      1)"Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 504 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3985 тіркелген);

      2)"Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 505 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3987 тіркелген);

      3)"Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 қаңтардағы № 1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4066 тіркелген);