Вопросы в сфере Гражданского права
05.01.2020 Абдраймова Гүлжан Абжапбаровна
Білімім,жоғары,инженер-химик-технолог,Арыс қаласының 44859 әскери бөлімде 32 жыл еңбек етіп келемін.Соның ішінде 20 жыл бақылау зертханасында біліктілігі жоғары санатты инженер лауазымын атқардым.Қазіргі таңда 5 жыл 6 ай қауіпсіздік және еңбекті қорғау инженер лауазымын атқарып келемін.Осы лауазымыма біліміме, жұмысымның жауапкершілігіне, мамандық бойынша еңбек стажыма байланысты біліктілігі жоғары санаттың тағайындалуын сұрап отырмын.Бірақ бухгалтер бәрін қайта бастайсыз дегеніне келіспеймін.Сонда мені жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкермен теңеп отыр. Менің осы лауазымдағы еңбек стажым, квалификациям неге есептелмейді.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы нөмері 201 бұйрығына сәйкес, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженеріне біліктілікке қойылатын талапта 1санат жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс делінген.
Примечание: Обращаем Ваше внимание, что в силу пункта 4 статьи 60 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", представляемое разъяснение носит рекомендательный характер.