On Approval of the basic norms of financing of scientific and (or) scientific and technical activities

Resolution of the Government Republic of Kazakhstan on June 20, 2011 № 670. Abolished by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated August 23, 2023 No. 716

      Unofficial translation

      A footnote. Abolished by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated August 23, 2023 No. 716 (it is put into effect after ten calendar days after the date of its first official publication).

      In accordance with subparagraph 14) Article 3 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated February 18, 2011 "On Science" The Government of the Republic of Kazakhstan RESOLVES:

      1. To approve the rules of the base financing of scientific and (or) scientific and technical activities.

      2. This resolution shall be enforced after ten calendar days after its first official publication.

      Prime Minister Of the Republic of Kazakhstan K. Massimov

  Approved by the
Resolution of the Government
Republic of Kazakhstan
on June 20, 2011 № 670

Norms of basic financing of scientific and (or) scientific and technical activities

      Footnote. Norms of basic financing - as amended by Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 06.08.2021 No. 540 (shall be enforced ten calendar days after the day of its first official publication).

      1. Basic financing shall include expenses according to the norms of basic financing for the current provision of scientific infrastructure and property, including buildings, equipment and materials, remuneration of leading scientists, administrative and service personnel, as well as information support for the scientific and technical activities of state scientific organizations and scientific organizations equated to state, state organizations of higher and (or) postgraduate education, organizations of higher and (or) postgraduate education, fifty or more percent of the voting shares (stakes in the authorized capital) of which belong to the state, as well as organizations of higher and (or) postgraduate education, in which fifty or more percent of the voting shares (stakes in the authorized capital) are directly or indirectly owned by legal entities, fifty or more percent of the voting shares (stakes in the authorized capital) of which belong to the state.

      Footnote. Paragraph 1 - as amended by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 21.09.2022 No. 717 (shall be enforced ten calendar days after the day of its first official publication).

      2. Expenses for the current maintenance of scientific infrastructure and property, including buildings, equipment and materials, shall include:

      1) payment for utilities (water, gas, electricity, heating, sewerage, ventilation);

      2) payment for communication services and universal communication services;

      3) rent of transport;

      4) contributions for social contributions to the State Social Insurance Fund and compulsory social health insurance;

      5) costs for the purchase of goods related to fixed assets, consumables, the purchase of other goods, other current costs, security costs (protection of the facility and (or) property of individuals and legal entities, including during its transportation), costs for security alarm;

      6) depreciation (depreciation) of fixed assets used in scientific and (or) scientific and technical activities, current repairs of the building, and equipment.

      These expenses shall be determined in accordance with the standards similar to the standards established by the following resolutions of the Government of the Republic of Kazakhstan:

      1) dated November 2, 1998 No. 1118 "On the standards for the consumption of electricity, heat for heating, hot and cold water and other utilities for organizations financed from the budget" according to the standards established for buildings of government bodies;

      2) dated February 10, 2003 No. 145 "On determining the mechanism for monitoring the administrative costs of state enterprises, joint-stock companies, the controlling stakes of which are owned by the state, and limited liability partnerships, the size of state shares in which allow the state to determine the decisions of the general meeting of participants, to optimize them.

      3. Expenses for remuneration of leading scientists, administrative and service personnel include remuneration, including compensation payments for administrative and service personnel of state scientific organizations and scientific organizations equated to state, state organizations of higher and (or) postgraduate education, organizations of higher and (or) postgraduate education, fifty or more percent of the voting shares (stakes in the authorized capital) of which belong to the state, as well as organizations of higher and (or) postgraduate education, in which fifty or more percent of the voting shares (stakes in the authorized capital) are directly or indirectly owned by legal entities, fifty or more percent of the voting shares (stakes in the authorized capital) of which belong to the state.

      Labor costs for administrative and service personnel include the payment of health benefits to civil servants maintained at the expense of the state budget.

      These expenses for state enterprises on the right of operational management shall be determined in accordance with the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated December 31, 2015 No. 1193 "On the system of remuneration of civil servants, employees of organizations maintained at the expense of the state budget, employees of state-owned enterprises" (hereinafter referred to as the Decree No. 1193).

      For republican state enterprises on the right of economic management, joint-stock companies, non-profit joint-stock companies, limited liability partnerships, labor costs shall be determined in the amount of the minimum wage in accordance with Resolution No. 1193 over the minimum wage due to own income in accordance with the laws of the Republic of Kazakhstan "On State Property," "On Joint-Stock Companies," "On Limited and Additional Liability Partnerships".

      Footnote. Paragraph 3 - as amended by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 21.09.2022 No. 717 (shall be enforced ten calendar days after the day of its first official publication).

      4. Expenses for information support of scientific and technical activities shall be formed according to actual costs and include services for the placement of materials in the media.

      5. Taxes and other obligatory payments to the budget are calculated in accordance with the Code of the Republic of Kazakhstan "On taxes and other obligatory payments to the budget (Tax Code)".

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 670 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 716 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К Мәсімов.


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 670 қаулысымен
бекітілген

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормалары

      Ескерту. Нормалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.08.2021 № 540 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Базалық қаржыландыру ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жетекші ғалымдарының, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналының еңбегіне ақы төлеуге, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық сүйемелдеуге арналған базалық қаржыландыру нормалары бойынша шығыстарды қамтиды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.09.2022 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстар мыналарды қамтиды:

      1) коммуналдық қызметтерге (су, газ, электр энергиясы, жылу, кәріз, желдету) ақы төлеу;

      2) байланыс қызметтеріне және әмбебап байланыс қызметтеріне ақы төлеу;

      3) көлікті жалға алу;

      4) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;

      5) негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алу, өзге тауарларды сатып алу шығындары, өзге де ағымдағы шығындар, күзет (жеке және заңды тұлғалардың объектісін және (немесе) мүлкiн, оның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзету) шығындары, күзет сигнализациясына арналған шығындар;

      6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметте пайдаланылатын негізгі құралдардың тозуы (амортизация), ғимаратты, жабдықты ағымдағы жөндеу.

      Бұл шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің:

      1) басқару органдарының ғимараттары үшін бекітілген үлестік нормалар бойынша "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118;

      2) "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулыларында белгіленген нормативтерге ұқсас нормативтерге сәйкес айқындалады.

      3. Жетекші ғалымдардың, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналының еңбегіне ақы төлеуді, оның ішінде өтемақы төлемдерін (сауықтыру үшін жәрдемақы төлеуді) қамтиды.

      Әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеуді қамтиды.

      Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар үшін осы шығыстар "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (бұдан әрі – № 1193 қаулы) сәйкес айқындалады.

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін еңбекке ақы төлеу шығыстары № 1193 қаулыға сәйкес ең төменгі төлем мөлшерінде, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" заңдарына сәйкес меншікті кірістер есебінен ең төменгі төлемнен жоғары мөлшерде айқындалады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.09.2022 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Ғылыми-техникалық қызметті ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі шығыстар нақты шығындар бойынша қалыптастырылады және бұқаралық ақпарат құралдарында материалдарды орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қамтиды.

      5. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептеледі.