On Approval of the requirements for formalization of the concept of the Special Economic Zone creation

Order No. 222 of the Minister for Investments and Development of the Republic of Kazakhstan dated February 27, 2015 Registered under No. 10692 in the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on April 10, 2015. Expired by Order of the Minister of Industry and Infrastructure Development of the Republic of Kazakhstan dated July 30 , 2019 No. 571

On Approval of the requirements for formalization of the concept of the Special Economic Zone creation

      Footnote. Expired by Order of the Minister of Industry and Infrastructure Development of the Republic of Kazakhstan dated 30.07.2019 No. 571 (effective after ten calendar days after the date of its first official publication).


      In accordance with paragraph 1 of Article 7 of the Law of the Republic of Kazakhstan "On Special Economic Zones in the Republic of Kazakhstan" dated July 21, 2011 I hereby ORDER that:

      1. Attached requirements for the formalization of the concept of the creation of the Free Economic Zone shall be approved.

      2. The Investment Committee of the Ministry for Investment and Development of the Republic of Kazakhstan (Ye. K. Khairov) shall ensure:

      1) state registration of this order in the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan in the order established by the legislation;

      2) submission of the copy for official publication in periodicals and the information and Adilet legal system Republican Center for Legal Information of the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan Republican State Enterprise on the Right of Economic Use within ten calendar days after the state registration of this order in the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan;

      3) this order posting on the Internet resource of the Ministry for Investment and Development of the Republic of Kazakhstan and on the intranet portal of state bodies;

      4) submission of the information on taking the actions provided for in subparagraphs 1), 2) and 3) of this paragraph to the Legal Department of the Ministry for Investment and Development of the Republic of Kazakhstan within ten working days after the state registration of this order in the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan.

      3. Supervision over this Order fulfillment shall be entrusted to Supervising Vice-Minister for Investments and Development of the Republic of Kazakhstan.

      4. This order shall come into force upon expiry of 10 calendar days after its first official publication.

      Minister
for Investment and Development
of the Republic of Kazakhstan
A. Issekeshev

  Approved by
Order No. 222 of the Minister
for Investment and Development
of the Republic of Kazakhstan
dated February 27, 2015

The requirements for the formalization of the concept of the Special Economic Zone creation

1. General provisions

      1. These Requirements for the formalization of the concept of creation of the Free Economic Zone are developed in accordance with paragraph 1 of Article 7 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated July 21, 2011 "On Special Economic Zones in the Republic of Kazakhstan" and are used in developing the concept of creation of the Special Economic Zone (hereinafter referred to the SEZ) by the central or local executive bodies, legal entities who are interested in the SEZ the SEZ creation.

      2. Formalization of the concept of creation the SEZ shall meet the following requirements: contain such information as the purpose of creation, location, priority activities, information about potential participants of the SEZ, analysis of the current economic situation of the respective region and forecasted effect on the economy from the creation of the SEZ.

2. Concept structure

      1. Structure of the concept of the SEZ creation contains the following sections:

      1. Introduction;

      2) geographical position of the SEZ;

      3) purposes and objectives of the SEZ creation;

      4) analysis of the current economic situation in the region and world economy;

      5) priority activities of the SEZ;

      6) potential participants of the SEZ;

      7) positive effect on the regional economy due to the SEZ creation.

      4. The "Introduction" section describes the name of the SEZ and the basis for its creation.

      5. The "Geographical position of the SEZ" section reflects the area, location and cartographic diagrams that characterize the location of the land plots where the SEZ creation is planned, at the scale of 1: 20,000 and 1: 100,000.

      6. The "Purposes and objectives of the SEZ creation" section reflects the purposes and objectives of the SEZ being created associated with the geographical position of the SEZ, available natural and manpower resources, possible interests of foreign investors and other economic, social and geographical factors required for the SEZ development.

      7. The "Analysis of the current economic situation in the region and world economy" section reflects:

      1) the main socio-economic characteristics of the region where the SEZ creation is expected;

      2) infrastructure provision, investment components and other indicators that characterize the prospective location of the SEZ;

      3) analysis of the current state of the regional industries in priority activities;

      4) analysis of the current state of the world economy with the link to the priority activities of the created SEZ;

      5) the main backgrounds for the SEZ location and the competitive geographical and economic advantages of the region.

      8. The "Priority activities of the SEZ" section indicates the main activities that meet the objectives of SEZ creation, which will be implemented on the territory of the SEZ.

      This section provides specific justification for rationale of one or another activity carrying out on the SEZ territory.

      9. The "Potential participants of the SEZ" section indicates the organizational and legal forms of the organization claiming to operate on the SEZ territory, as well as the availability of own production and work experience in the priority activities.

      10. The "Positive effect on the regional economy due to the SEZ creation" section outlines the expected results of the SEZ operation.

      These results are set forth based on results of achievement of the SEZ creation objectives and the features of the region where the SEZ is supposed to be created.

Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10692 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 571 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 № 571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетіне (Е.Қ. Хаиров):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы № 222
бұйрығымен бекітілген

Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақты (бұдан әрі - АЭА) құруға мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар АЭА құру тұжырымдамасын әзірлеу кезінде пайдаланады.

      2. АЭА құру тұжырымдамасын ресімдеу мына талаптарға сәйкес болуы тиіс: құру мақсатының мазмұны, орналасқан жері, қызметінің басым түрлері, АЭА-ның әлеуетті қатысушылары туралы ақпарат, тиісті өңірдің ағымдағы экономикалық ахуалын және АЭА құрудың экономикаға болжамды әсерін талдау сияқты мәліметтерді қамтиды.

2. Тұжырымдаманың құрылымы

      3. Тұжырымдаманың құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1) кіріспе;

      2) АЭА-ның географиялық орналасуы;

      3) АЭА құру мақсаттары мен міндеттері;

      4) өңірдің ағымдағы экономикалық ахуалын және әлемдік экономиканы талдау;

      5) АЭА қызметінің басым түрлері;

      6) АЭА-ға әлеуетті қатысушылар;

      7) АЭА құрудың өңір экономикасына оң әсері.

      4. "Кіріспе" деген бөлімде АЭА-ның атауы мен АЭА құру негіздемесі сипатталады.

      5. "АЭА-ның географиялық орналасуы" деген бөлімде орналасқан жердің алаңы және 1:20000 және 1:100000 ауқымда АЭА құру жоспарланатын жер учаскелерінің жағдайын сипаттайтын картографиялық схемалар көрініс табады.

      6. "АЭА құру мақсаттары мен міндеттері" деген бөлімде АЭА-ның географиялық жағдайымен, қолда бар табиғи және еңбек ресурстарымен, шетелдік инвесторлардың ықтимал мүдделерімен және АЭА-ны дамыту үшін қажетті экономикалық, әлеуметтік және географиялық факторлармен байланыстырылған, құрылатын АЭА-ның мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі.

      7. "Өңірдің ағымдағы экономикалық ахуалын және әлемдік экономиканы талдау" деген бөлімде мыналар көрсетіледі:

      1) АЭА құру болжанған өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері;

      2) инфрақұрылыммен қамтамасыз етілгендігі, инвестициялық құрамдас бөліктері және АЭА-ның болжамды орналасатын жерін сипаттайтын өзге де көрсеткіштері;

      3) басым қызмет түрлері бойынша өңір саласының ағымдағы жай-күйін талдау;

      4) құрылатын АЭА қызметінің басым түрлерімен байланыстыра отырып, әлемдік экономиканың ағымдағы жай-күйін талдау;

      5) АЭА-ны орналастырудың негізгі алғышарттары мен өңірдің бәсекелестік географиялық және экономикалық артықшылықтары.

      8. "АЭА қызметінің басым түрлері" деген бөлімде АЭА аумағында жүзеге асырылатын АЭА-ны құру мақсаттарына сай келетін қызметтің негізгі түрлері көрсетіледі.

      Бұл бөлімде АЭА аумағындағы осы немесе өзге де қызметті жүзеге асыру орындылығының нақты негіздемелері келтіріледі.

      9. "АЭА-ның әлеуетті қатысушылары" деген бөлімде АЭА аумағында қызметті жүзеге асыруға үміткер ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысаны, сондай-ақ меншікті өндірісінің, қызметтің басым түрлері бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы көрсетіледі.

      10. "АЭА құрудың өңір экономикасына оң әсері" деген бөлімде АЭА-ның жұмыс істеуінің болжамды нәтижелері жазылады.

      Бұл нәтижелер АЭА құру мақсатына қол жеткізу нәтижелері және АЭА құру болжанған аумақтағы өңірдің ерекшелігі негізге алына отырып, жазылады.