On completion of the 2018-2019 school year and final certification of students in secondary education organizations

Order of the Minister of Education and Science of the Republic of Kazakhstan dated February 1, 2019 No. 53. Registered in the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on February 5, 2019 No. 18261

      In accordance with subparagraph 14) of Article 5 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated July 27, 2007 “On education”, as well as for the purpose of the organized completion of the 2018-2019 school year in secondary education organizations, regardless of ownership and departmental subordination, I HEREBY ORDER:

      1. To define the following terms for completion of the school year:

      1) training sessions in secondary education organizations regardless of ownership and departmental subordination - May 25, 2019;

      2) final exams of grades 9 (10) - from May 27 to June 6, 2019, state final exams - from May 28 to June 30, 2019.

      2. The final certification for students of 9 (10) grades is carried out in the following terms:

      1) an oral exam on a subject of choice (physics, chemistry, biology, geography, geometry, history of Kazakhstan, world history, literature, foreign language (English, French, German), computer science) - May 27, 2019;

      2) an oral exam in the Kazakh language in schools with Russian, Uzbek, Uigur and Tajik languages of instruction and an oral exam in the Russian language in schools with the Kazakh language of instruction - May 30, 2019;

      3) a written exam in the mother tongue and literature (in the language of instruction) (essay - for students in schools with in-depth study of the subjects of the humanitarian cycle, dictation - for the rest) - June 3, 2019;

      4) a written math exam - June 6, 2019.

      Final certification for students of 11 (12) grades is carried out in the following terms:

      1) a written exam in the mother tongue and literature (language of instruction) - May 28, 2019;

      2) testing on the subject of choice (physics, chemistry, biology, geography, geometry, world history, literature, foreign language (English, French, German), computer science) - May 31, 2019;

      3) testing in the Kazakh language in schools with Russian, Uzbek, Uigur and Tajik languages ​​of instruction and testing in the Russian language in schools with the Kazakh language of instruction - May 31, 2019;

      4) a written exam in algebra and the introduction to analysis - June 4, 2019;

      5) an oral exam on the history of Kazakhstan - June 7, 2019.

      3. Repeated final certification of students is carried out from June 10 to June 30, 2019.

      4. The Department of preschool and secondary education of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan:

      1) to organize the preparation and delivery of examination task packages for students of grades 11 (12) to the education departments of regions, Astana and Almaty, as well as for students of grades 9 (10), 11 (12) of republican secondary education organizations by May 23, 2019;

      2) in the manner prescribed by law, to ensure the state registration of this order in the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan;

      3) within ten calendar days from the date of the state registration of this order, to send its copy in paper and electronic form in the Kazakh and Russian languages to the Republican state enterprise on the basis of the right of economic management “Republican Legal Information Center” for official publication and inclusion in the Reference Control Bank of regulatory legal acts of the Republic of Kazakhstan;

      4) placement of this order on the Internet resource of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan after its official publication;

      5) within ten working days after the state registration of this order, to submit information to the Department of Legal Services of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan on implementation of measures provided for in subparagraphs 2), 3) and 4) of this paragraph.

      5. Vice Minister of Education and Science of the Republic of Kazakhstan, E. A. Sukhanberdieva shall be authorized to oversee the execution of this order.

      6. This order shall come into force ten calendar days after the day of its first official publication.

      Minister of Education
      and Science of the Republic of Kazakhstan E. Sagadiev

2018 - 2019 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 53 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 ақпанда № 18261 болып тіркелді

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2018-2019 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері белгіленсін:

      1) Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтарының аяқталуы - 2019 жылғы 25 мамыр;

      2) 9 (10) сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары – 2019 жылғы 27 мамыр - 6 маусым, мемлекеттік бітіру емтихандары - 2019 жылғы 28 мамыр - 30 маусым аралығында.

      2. 9 (10) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттауды мынадай мерзімдерде тапсырады:

      1) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) ауызша емтихан – 2019 жылғы 27 мамыр;

      2) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен ауызша емтихан және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен ауызша емтихан - 2019 жылғы 30 мамыр;

      3) ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) (гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердің білім алушылары үшін – шығарма, қалған білім алушылар үшін - диктант) – 2019 жылғы 3 маусым;

      4) математикадан жазбаша емтихан - 2019 жылғы 6 маусым.

      11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауды мынадай мерзімдерде тапсырады:

      1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) жазбаша емтихан – 2019 жылғы 28 мамыр;

      2) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу – 2019 жылғы 31 мамыр;

      3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу - 2019 жылғы 31 мамыр;

      4) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан - 2019 жылғы 4 маусым;

      5) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан - 2019 жылғы 7 маусым.

      3. Білім алушыларды қайта қорытынды аттестаттау 2019 жылғы 10 - 30 маусым аралығында өткізіледі.

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті:

      1) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін емтихан тапсырмаларының пакеттерін дайындауды және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына, сондай-ақ республикалық мамандандырылған орта білім беру ұйымдарындағы 9 (10) және 11 (12) сыныптары білім алушылары үшін 2019 жылғы 23 мамырға дейін жеткізуді ұйымдастырсын;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев