On approval of the marginal price of liquefied petroleum gas, implemented as part of the plan for the supply of liquefied petroleum gas to the domestic market of the Republic of Kazakhstan beyond electronic trading platforms

Order of the Minister of Energy of the Republic of Kazakhstan dated March 15, 2019 No. 92. Registered with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan on March 29, 2019 No. 18437

      Unofficial translation

      In accordance with subparagraph 7) of Article 6 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated January 9, 2012 “On Gas and Gas Supply” I HEREBY ORDER:

      1. To approve the marginal price of liquefied petroleum gas sold as part of the plan for the supply of liquefied petroleum gas to the domestic market of the Republic of Kazakhstan beyond electronic trading platforms for the period from April 1 to June 30, 2019 in the amount of 38,701.67 tenge (thirty eight thousand seven hundred and one tenge sixty seven tiyn) per tonne excluding value added tax.

      2. The Department of Development of the Gas Industry of the Ministry of Energy of the Republic of Kazakhstan in the manner prescribed by the legislation of the Republic of Kazakhstan, shall:

      1) ensure state registration of this order with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan;

      2) within ten calendar days from the date of state registration of this order, send it in both Kazakh and Russian languages to the Republican State Enterprise on the Right of Economic Management “Republican Center of Legal Information” of the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan for official publication and inclusion in the Reference Control Bank of regulatory legal acts of the Republic of Kazakhstan;

      3) place this order on the website of the Ministry of Energy of the Republic of Kazakhstan;

      4) within ten working days after the state registration of this order with the Ministry of Justice of the Republic of Kazakhstan, submit to the Department of Legal Service of the Ministry of Energy of the Republic of Kazakhstan the information on the implementation of measures provided by subparagraphs 1), 2) and 3) of this paragraph.

      3. The supervising Vice-Minister of Energy of the Republic of Kazakhstan shall be authorized to oversee the implementation of this order.

      4. This order shall come into effect from the date of its first official publication.

      Minister of Energy
of the Republic of Kazakhstan
K. Bozumbayev

      “AGREED”

      The Ministry of National Economy

      of the Republic of Kazakhstan

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 наурызда № 18437 болып тіркелді

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының 2019 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тоннасы үшін 38 701, 67 теңге (отыз сегіз мың жеті жүз бір теңге алпыс жеті тиын) мөлшерінде бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі