On Holidays in the Republic of Kazakhstan

Law of the Republic of Kazakhstan of December 13, 2001 N 267.

      Unofficial translation

      This Law shall define the legal foundations of holidays celebrated in the Republic of Kazakhstan.

Article 1. The holidays celebrated in the Republic of Kazakhstan

      The national holidays, State holidays, professional and other holidays shall be celebrated in the Republic of Kazakhstan.

      The national holidays - holidays, established in the Republic of Kazakhstan in honor of the events having a special historical importance and had a significant influence for the development of Kazakhstan statehood. Celebration of the national holidays is accompanied by holding of official events in the central and local government Agencies.

      The State holidays – holidays, devoted to the events having social and political importance and also traditionally celebrated by the citizens of the Republic of Kazakhstan. Celebration of the State holidays can be accompanied by the holding of official events.

      The professional and other holidays - holidays that shall not have a status of national and public holidays and celebrated by some categories of citizens.

Article 2: National holidays

      The National Day of the Republic of Kazakhstan celebrated on 25 October shall be the nationally recognised holiday of the Republic of Kazakhstan.

      Footnote. Article 2 - as reworded by Law of the Republic of Kazakhstan No. 143 of 29.09.2022 (shall become effective on the date of its first official publication).

Article 3. State holidays

      The State holidays in the Republic of Kazakhstan shall be the holidays celebrated on the following days:

      New Year - 1-2 January;

      International Women’s Day - 8 March;

      Nauryz Meiramy– 21-23 March;

      Unity of the Nations of Kazakhstan - 1 May;

      Defender of the Fatherland Day– 7 May;

      Victory Day - 9 May;

      Capital City Day- 6 July;

      Constitution Day of the Republic of Kazakhstan - 30 August;

      Independence Day - 16 December.

      Footnote. Article 3 as amended by the Laws of the RK No. 47-IV dated 25.06.2008 (the order of enforcement see Art. 2); No. 152-IV dated 22.04.2009 (the order of enforcement see Art. 2); No. 509-IV dated 14.12.2011; No. 43-V dated 19.10.2012 (shall be enforced from its first official publication); No. 143 of 29.09.2022 (shall be promulgated on the date of its first official publication).

Article 4. Professional and other holidays

      Professional and other holidays shall be public holidays in the Republic of Kazakhstan.

      The list of holiday dates, with the exception of professional holidays, shall be established by the Government of the Republic of Kazakhstan.

      The list of professional holidays shall be approved by the authorized state body for labor.

      Footnote. Article 4 is in the wording of the Law of the Republic of Kazakhstan dated 19.04.2023 No. 223-VII (shall be enforced upon expiry of ten calendar days after the day of its first official publication).

Article 5. Holidays

      Days on which the national and State holidays celebrated in the Republic of Kazakhstan shall be recognized as holidays in accordance with the labor legislation of the Republic of Kazakhstan.

      Holidays in the Republic of Kazakhstan shall be non-work days.

      If a day off coincides with holiday, the day off shall be the next working day after the holiday.

Article 6. The procedure for the enforcement of this Law

      1. This Law shall be enforced from its first official publication.

      2. To declare the Decree of the President of the Republic of Kazakhstan, having the force of the Law, No. 2534 dated October 18, 1995 "On Holidays in the Republic of Kazakhstan" (Gazette of the Supreme Soviet of the Republic of Kazakhstan, No. 21, Art. 125, 1995) no longer in force.

      The President
      of the Republic of Kazakhstan

Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267-ІІ Заңы.

      Осы Заң Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелердің құқықтық негіздерін айқындайды.

1-бап. Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелер

      Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі.

      Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.

      Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

      Кәсіби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.

2-бап. Ұлттық мерекелер

      Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 25 қазанда атап өтілетін Республика күні болып табылады.

      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда – ҚР 29.09.2022 № 143-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Мемлекеттік мерекелер

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер - мына күндері атап өтілетін мерекелер:

      1-2 қаңтар - Жаңа жыл;

      8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

      21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;

      1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

      7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

      9 мамыр - Жеңіс күні;

      6 шілде - Астана күні;

      30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.

      16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні.

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.06.25 № 47-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.04.22 № 152-IV, 2011.12.14 № 509-IV, 2012.10.19 № 43-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2022 № 143-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Кәсіби және өзге де мерекелер

      Кәсіби және өзге де мерекелер Қазақстан Республикасындағы мереке күндері болып табылады.

      Кәсіби мерекелерді қоспағанда, мереке күндерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      Кәсіби мерекелердің тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Мереке күндері

      Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады.

      Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.

      Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады.

6-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы" 1995 жылғы 18 қазандағы № 2534 заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 21, 125-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті