"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері фактілері бойынша азаматтардың шағымдарын қабылдаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 411 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 8 маусымда N 1540 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, N 25, 429-құжат).
2. Осы бұйрық ішкі істер органдары жеке құрамының назарына жеткізілсін.
3. Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті:
1) осы бұйрықты Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алып тастау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Баймағанбетов