"Жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері фактілері бойынша азаматтардың шағымдарын қабылдаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 411 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 15 сәуірдегі N 147 бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері фактілері бойынша азаматтардың шағымдарын қабылдаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 411 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 8 маусымда N 1540 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, N 25, 429-құжат).
      2. Осы бұйрық ішкі істер органдары жеке құрамының назарына жеткізілсін.
      3. Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті:
      1) осы бұйрықты Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алып тастау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        С. Баймағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады