"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін құжаттарды тапсыру және қарастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 11 наурыздағы N 147 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде 2003 жылғы 4 сәуірде N 2227 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Министр Ж. Түймебаев