«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін қуаттау үшін қажет құжаттардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 19 тамыздағы № 182 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3834 тіркелген, 2005 жылғы 28 қыркүйектегі № 178(912) «Заң газетінде», Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы қыркүйектегі № 18, 153-бабында жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарды пайдалану стратегиясы департаментіне (Омаров Ж.Ы.). осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және бұдан бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарына жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев