Өтiніш берушінiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қуаттау үшiн қажет құжаттардың тiзбесi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 19 тамыздағы N 182 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3834. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 610 бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.09.20 № 610 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 11 сәуiрдегi N 327  қаулысына сәйкес және бөрене кесу жөнiндегi жұмыстарға лицензия берудiң тәртiбi мен шарттарын айқындау мақсаттарында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қуаттау үшiн қажет құжаттардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Комитеттiң Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы белгiленген тәртiппен осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберсiн.
      3. Осы бұйрық ол бiрiншi рет ресми жарияланған сәттен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрлiгi 
Орман және аңшылық шаруашылығы 
комитетi төрағасының     
2005 жылғы 19 тамыздағы   
N 182 бұйрығымен      
бекiтiлген         

  Өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн
қуаттау үшiн қажет құжаттардың тiзбесi

      1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысымен бекiтiлген нысанға сәйкес белгiленген үлгiдегi  өтiнiш .
      2. Лицензиялық алымның төленгенiн қуаттайтын құжат.
      3. Нотариалды түрде куәландырылған заңды тұлғаны мемлекеттiк  тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi.
      4. Нотариалды түрде куәландырылған жарғының көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн).
      5. Нотариалды түрде куәландырылған статистикалық карточканың көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн).
      6. Нотариалды түрде куәландырылған жеке куәлiктiң көшiрмесi (жеке тұлғалар үшiн).
      7. Кадрлар құрамы бойынша құжаттар тiзбесi:
      1) заңды тұлғалар үшiн:
      тиiстi жоғары кәсiби бiлiмi және мамандығы бойынша (ағаш дайындау, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi немесе тиiстi орта арнайы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс өтiлi бар жауапты орындаушылар - инженер-техник қызметкерлер үшiн:
      нотариалды түрде куәландырылған дипломның көшiрмесi;
      нотариалды түрде куәландырылған еңбек кiтапшасының немесе келiсiм-шарттың көшiрмесi;
      2) жеке тұлғалар үшiн:
      тиiстi жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi немесе тиiстi орта арнайы бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс өтiлi бар:
      нотариалды түрде куәландырылған дипломның көшiрмесi;
      нотариалды түрде куәландырылған еңбек кiтапшасының немесе келiсiм-шарттың көшiрмесi.
      8. Материалдық-техникалық база жөнiндегi құжаттардың тiзбесi:
      1) ағаш материалдары сортталатын алаң және ағаш кесу қалдықтарын жинайтын орын көрсетiлген өндiрiстiк учаскенiң сызба жоспары;
      2) тақтай тiлетiн орынның, жүк көтеру-көлiк тетiктерiнiң, тракторлардың техникалық паспорттарының нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелерi;
      3) мемлекеттiк экологиялық сараптама, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, мемлекеттiк экологиялық қадағалау органдарының тақтай тiлетiн орын немесе бөрене кесу жөнiндегi технологиялық жабдықтардың басқа түрлерi бойынша қорытындыларының нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелерi;
      4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi комитетi аумақтың органдарының тиiстi жұмыс түрлерiн жүргiзуге берген қорытындысы.
      9. Қосымшаға сәйкес нөмiрленген, тiгiлген, қол қойылып, өтiнiш берушiнiң мөрiмен куәландырылған Орман өнiмiнiң журналы.
      10. Қазақстан Республикасының қауiпсiздiк және еңбектi қорғау жөнiндегi заңнамасына сәйкес өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлардың тiзбесi (демалыс бөлмесi, тамақтану орыны).
      11. Өртке қарсы құрал-саймандардың тiзбесi (бастапқы өрт сөндiру құралдары қойылған өрт сөндiру қалқаны, құм толтырылған өрт сөндiру ыдыстары, мотопомпалар).

                                      Өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк
                                        талаптарына сәйкестiгiн
                                     қуаттау үшiн қажет құжаттардың
                                            тiзбесiне қосымша

                     Орман өнiмiн есепке алу
                          Ж У Р H А Л Ы*

                   ________________________________
                        (лицензиаттың атауы)

бұл журналда____________(жазбаша) парақ
нөмiрленген және тiгiлген

________________________________
* журнал нөмiрленiп, тiгiлiп, лицензиаттың қолымен және мөрiмен куәландырылады

р/с
NN

Сүректің
тілеуге
келіп
түскен
күні

Ағаш
тұқы-
мының
атауы

Бөр-
ене жет-
кiзiп
беру-
шiнiң атауы және
бөре-
ненiң
келiп
түс-
кенiн
қуат-
тай-
тын
құжат
көр-
се-
тiл-
ген
оның
ме-
кен-
жайы

Келiп
түскен
бөре-
ненiң
кө-
лемi,
м 3
 

Орман өнімнің
шығымы, м 3

Дайын
өнімді
өткізу
күні
мен
құжа-
тының N

Тақ-
тай
мате-
риалы

гор-
быль

қал-
дық

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады