«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі рынокта магистральдық құбыр желілері арқылы мұнай тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулерге төмендету коэффициенті тарифтерді белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 15 тамыздағы № 166-НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылдың 24 қыркүйегінде № 1648 нөмірмен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов):
1) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің, "Ойл" акционерлік қоғамының назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға Н. Алдабергенов
КЕЛІСІЛГЕНІ:
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі
_______________ С. Мыңбаев