Ішкі рынокта магистральдық құбыр желілері арқылы мұнай тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулерге төмендету коэффициенті тарифтерді белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 15 тамыздағы N 166-ОД бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет басқармасында 2001 жылғы 24 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1648. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агеттігі Төрағасының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40-НҚ Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агеттігі Төрағасының 2010.02.08 № 40-НҚ бұйрығымен.

      Табиғи монополия субъектiлерiнің қызмет көрсетулерiне төмендету коэффициенттi тарифтер белгiлеудiң және қолданудың бiрыңғай тәртiбi мен шарттарын белгiлеу мақсатында және "Табиғи монополиялар туралы" Z980272_ Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасын, 15-бабының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып,
 
                               БҰЙЫРАМЫН:
 
      1. Қоса берiлiп отырған Iшкi рынокта магистральдық құбыр желiлерi арқылы мұнай тасымалдау жөнiндегi қызмет көрсетулерге төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеу және алып тастау Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Құқықтық нормативтiк және әдiснамалық қамтамасыз ету департаментi осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.
      3. Жиынтық талдау және бақылау-инспекторлық жұмыс департаментi (С.А. Ержанова) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн аумақтық органдардың, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң, "ҚазТрансОйл" ЖАҚ-ның назарына жеткiзсiн. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттiк төрағасының бiрiншi орынбасары Б. Сағынтаевқа жүктелсiн. Агенттің төрағасы Келісілген Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, Премьер-министрінің орынбасары бәсекелестікті қорғау және Энергетика және минералдық шағын бизнесті қолдау жөніндегі ресурстар министрі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 15 тамыздағы 2001 жылғы N 166-ОД бұйрығымен бекітілген Iшкi рынокта магистральдық құбыр желiлерi арқылы мұнай тасымалдау жөнiндегi қызмет көрсетулерге төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеу және алып тастау ЕРЕЖЕСI 1. Жалпы ереже
      1. Магистральдық құбыр желiлерi арқылы мұнай тасымалдау жөнiндегi қызмет көрсетулерге төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеу және алып тастау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Z980272_ Қазақстан Республикасының Заңына және "Мұнай өнiмдерiнiң iшкi рыногын тұрақтандырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 2 тамыздағы N 1172 P001172_ қаулысына сәйкес әзiрлендi.
      2. Ереже iшкi рынокта магистральдық құбыр желiлерi арқылы мұнай тасымалдау жөнiндегi қызмет көрсетулерге төмендету коэффициенттi тарифтер (бұдан әрi - төмендету коэффициенттi тарифтер) белгiлеу және алып тастау тәртiбiн айқындайды.
      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      Құзыреттi орган - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi;
      Құбыр желiсi ұйымы - магистральдық құбыр желiлерi арқылы мұнай тасымалдау жөнiнде қызмет көрсетушi табиғи монополия субъектiсi;
      Жүк жөнелтушi - iшкi рынокқа мұнай жеткiзушi мұнай өндiрушi кәсiпорын.
      Осы Ережеде пайдаланылып отырған өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес қолданылады.
 
                    2. Төмендету коэффициентті тарифтердi
                       белгiлеу және алып тастау шарттары
 
      4. Төмендету коэффициенттi тарифтер осы шараның экономикалық тиiмдiлiгi есебiнің негiзiнде табиғи монополиялар субъектiлерiнің қызметiн бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) белгiлеген тәртiппен белгiленедi.
      5. Төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеудi Жүк жөнелтушінің, Құзыреттi органның немесе Құбыр желiсi ұйымының бастамасы бойынша Уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      Төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеу Құбыр желiсi кәсiпорнының бастамасы бойынша "Табиғи монополиялар туралы" Z980272_ Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      6. Төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеудің мақсатқа сайлығының өлшемдерi:
      1) отандық ұйымдарға iшкi рынокта қайта өңдеу үшін мұнай жеткiзу көлемдерiнің артуы;
      2) iске қосылмаған және әлсiз жұмыс iстейтiн магистральдық құбыр желiлерi учаскелерiн пайдалану мүмкiндiгi;
      3) Құбыр желiсi ұйымының монополиялық жағдайы жоқ учаскелерiнде Құбыр желiсi ұйымының бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
      7. Төмендету коэффициенттi тарифтердi қолдану Жүк жөнелтушiнің Құбыр желiсi ұйымының алдында берешегi болмаған жағдайда немесе берешектi Құбыр желiсi ұйымы мен Жүк жөнелтушi басшыларының қолдарымен расталған өтеу кестесiне сәйкес өтеген жағдайда жүзеге асырылады.
      8. Мұнай тасымалдау тарифінің мөлшерi төмендету коэффициентiн ескере отырып, Құбыр желiсi ұйымының тасымалдау көлемдерінің артуына байланысты пайдалану шығындарын жабуға және iске қосылған активтерге белгiленген пайда ставкасын ескере отырып, пайда деңгейiн қамтамасыз етуге тиiс.
      9. Төмендету коэффициенттi тарифтер белгілi кезеңге белгiленедi, бiрақ жарты жылдан аспауға тиiс.
      Уәкiлеттi орган төмендету коэффициенттi тарифтердiң күшiн олар одан әрi мақсатқа сай және осы Ереженің 6-тармағында санамаланған өлшемдерге сәйкес болған жағдайда ұзартуға құқылы.
      10. Төмендету коэффициенттi тарифтердің күшi жаңа тарифтер енгiзiлген сәттен бастап тоқтатылады.
      Төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеуге арналған өтiнiмдi қарау жаңа тарифтер енгiзiлгеннен кейiн жалпы негiздерде жүзеге асырылады.
      11. Төмендету коэффициенттi тарифтердi алып тастаудың мақсатқа сай болу өлшемдерi:
      - төмендету коэффициенттi тарифтердi одан әрi қолданудың мемлекет және (немесе) Құбыр желiсi ұйымы үшiн экономикалық тиiмсiздiгi;
      - Жүк жөнелтушінің Құбыр желiсi ұйымының алдында мерзiмi өткен берешегiнің пайда болуы не берешектi өтеу кестесiн сақтамауы;
      - осы Ереженің 6-тармағында санамаланған негiзгi өлшемдерге сәйкес еместiгi болып табылады.
      12. Төмендету коэффициенттi тарифтер Ереженің 6 және 7-тармақтарында белгiленген өлшемдерге сәйкес келетiн барлық Жүк жөнелтушiлер үшiн магистральдық құбыр желiлерiнің белгiлi бiр учаскесiнде жүктер тасымалдау кезiнде қолданылады.
 
               3. Жүк жөнелтушінің бастамасы бойынша төмендету
                   коэффициенттi тарифтердi белгiлеу тәртiбi
 
      13. Жүк жөнелтушi төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеу үшiн Құбыр желiсi ұйымына, Құзыреттi органға, Уәкiлеттi органға және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдарға өзiнің толық атауы мен қызметiнiң түрiн көрсете отырып, мұндай белгiлеудің қажеттiгі туралы өтiнiмдi, сондай-ақ төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеу қажеттiгi туралы анықтама-негiздеменi ұсынуға тиiс.
      Сонымен бiрге Құбыр желiсi ұйымы мен мемлекеттiк органдар заңнамамен қорғалатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн белгiленген тәртiппен жауапты болады.
      14. Уәкiлеттi орган, Құзыреттi орган және Құбыр желiсi ұйымы өтiнiмдi қарау үшін Жүк жөнелтушіден мынадай материалдарды қосымша сұратуға құқылы:
      Жүк жөнелтушiнің Құбыр желiсi ұйымы алдындағы берешегiнің жай-күйi (ағымдағы айдың бiрiншi күнiндегi өзара есеп айырысуларды салыстыру актiсi және Жүк жөнелтушiнің және Құбыр желiсi ұйымының бiрiншi басшысының қолдарымен расталған, Жүк жөнелтушінің Құбыр желiсi ұйымы алдындағы берешегiн өтеу кестесi);
      магистральдық құбыр желiлерiнің iске қосылмаған және әлсiз жұмыс iстейтiн учаскелерiн пайдалану кезiнде тасымалдау маршруты (учаске атауы, көлiктiк қашықтық);
      қызмет көрсетулердi тұтынудың айлар бойынша бөлгендегi нақты (өткен жылдың тиiстi кезеңi iшiндегi) және жоспарланған көлемi;
      iшкi рынокта мұнай өңдеудi растайтын құжат.
      Ұсынылатын материалдар мынадай талаптарға жауап беруге тиiс:
      әр параққа - бiрiншi басшы, ал қаржы құжаттарына жүк жөнелтушінiң бас бухгалтерi қол қояды;
      өткен кезең iшiндегi (тоқсанның, жарты жылдың, жылдың) нақты деректер ұсынылуға тиiс.
      15. Осы Ережеге сәйкес сұрау салынған қажеттi материалдарды ұсынбау немесе толық көлемде ұсынбау өтiнiмдi қараудан бас тартуға негiз болып табылады.
      16. Уәкілеттi орган, Құзыреттi орган, Құбыр желiсi ұйымы және мүдделi мемлекеттiк органдар 5 күн ішінде өтiнiмнің қарауға қабылданғаны не өтiнiмдi қараудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде Жүк жөнелтушiге хабарлауға тиiс.
      17. Уәкiлеттi орган қажет болған жағдайда, Жүк жөнелтушiден, Құбыр желiсi ұйымынан, Құзыреттi органнан, мүдделi мемлекеттiк органдардан қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
      Бұл кезде өтiнiмдi қарау мерзiмi сұрау салынып отырған ақпаратты алғанға дейiн тоқтатыла тұрады, бiрақ 7 күннен аспауға тиiс.
      18. Құбыр желiсi ұйымы, Құзыреттi орган және мүдделi мемлекеттiк органдар өтiнiш жасаушыдан негiздеушi материалдарды алған күннен бастап 15 күн iшiнде төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеу туралы қорытындыларын Уәкiлеттi органға ұсынады.
      Көрсетiлген ұйымдар қорытындыларды белгiленген мерзiмдерде ұсынбаған жағдайда, Уәкілеттi орган өтiнiмдi қарау мерзiмiн тиiстi қорытындыларды алғанша тоқтатады, бiрақ 5 күннен аспауға тиiс.
      Көрсетiлген ұйымдар өтінiмдi қарау тоқтатылған сәттен бастап 5 күннің ішінде қорытындыларды ұсынбаған жағдайда, уәкiлеттi орган осы себеп бойынша өтiнiмдi қабылдамауға құқылы.
      19. Уәкiлетті орган Жүк жөнелтушi ұсынған Құбыр желiсi ұйымының және Құзыреттi органның негiздеушi материалдары мен қорытындыларына жүк жөнелтушiден материалдарды алған күннен бастап 30 күннің ішінде сараптама жүргiзедi.
      20. Жүргiзiлген сараптама нәтижесiнде Уәкiлеттi орган төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеу не мұндай белгiлеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеу туралы шешiм уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының бұйрығы түрiнде қабылданады.
      Төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеу туралы бұйрық Құзыреттi органға, Құбыр желiсi кәсiпорнына және мүдделi мемлекеттiк органдарға жiберiледi.
      Төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеуден бас тартылған жағдайда, Уәкiлеттi орган тиiстi дәлелдi қорытынды шығарып, оны Жүк жөнелтушiге, Құбыр желiсi кәсіпорнына, Құзыреттi органға және мүдделi мемлекеттiк органдарға жiбередi.
      21. Егер Құбыр желiсi ұйымы, Құзыреттi орган және мүдделi мемлекеттiк органдар төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеуге келiспейтiнi туралы қорытындылар шығарған жағдайда, түпкiлiктi шешiмдi Уәкiлеттi орган қабылдайды. 22. Құбыр желiсi ұйымы төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеу туралы ақпаратты Уәкiлеттi орган бұйрығы күшiне енгенге дейiнгi 10 күннен кешіктiрмей, Жүк жөнелтушiлердің назарына жеткiзуге тиiс. 23. Құбыр желiсi ұйымы мiндеттi түрде тоқсан сайын Уәкiлеттi органға және Құзыреттi органға тиiстi уақыт кезеңi ішiнде төмендету коэффициенттi тарифтердi қолдана отырып, ұсынылған қызмет көрсетулердің нақты көлемдерi туралы ақпарат ұсынады. 4. Құзыреттi органның бастамасы бойынша төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеу тәртiбi 24. Егер төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеудің бастамашысы Құзыреттi орган болып табылса, ол сонымен бiр мезгiлде төмендету коэффициенттi тарифтердi енгiзу қажеттiгi туралы өтінiммен бiрге Құбыр желiсi ұйымынан алынған қорытындыны Уәкiлеттi органға ұсынуға тиiс. 25. Уәкiлеттi орган Құзыреттi органның өтiнiмiн қарайды және 15 күннің iшiнде төмендету коэффициенттi тарифтердi белгiлеу туралы не ондай белгiлеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. 5. Төмендету коэффициенттi тарифтердi алып тастау тәртiбi
      26. Төмендету коэффициенттi тарифтердің күшi белгiленген мерзiм аяқталысымен тоқтатылады, сонымен бiрге Уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының төмендету коэффициенттi тарифтердi алып тастау туралы бұйрығының қабылдануы талап етiлмейдi.
      27. Уәкілеттi орган белгiленген төмендету коэффициенттi тарифтердің күшiн белгiленген мерзiм аяқталғанша осы Ереженің 11-тармағына сәйкес өзi алып тастауға құқылы.
      Мұндай шешiм қабылдау кезiнде Уәкiлеттi орган қорытынды үшiн құбыр желiсi ұйымына, Құзыреттi органға және мүдделi мемлекеттiк органдарға жүгiнуге құқылы.
      28. Жүк жөнелтушi, Құбыр желiсi ұйымы және Құзыреттi орган Уәкiлеттi органға төмендету коэффициенттi тарифтердiң күшiн алып тастау туралы ұсыныспен, сонымен бiрге мұндай алып тастаудың қажеттiгiн негiздеушi материалдарды ұсына отырып, жүгiнуге құқылы.
      29. Уәкiлеттi орган қарауға ұсынылған негiздеушi материалдарды 30 күннің iшiнде қарайды және сараптама жүргiзедi. Осы Ереженiң 11-тармағында көзделген жағдайларда, Уәкiлеттi орган Құбыр желiсi ұйымына, Құзыреттi органға және мүдделi мемлекеттiк органдарға хабарлай отырып, белгiленген төмендету коэффициенттерiн алып тастау туралы бұйрық түрiнде шешiм қабылдайды. Құбыр желiсi, ұйымы белгiленген төмендету коэффициенттi тарифтердi алып тастау туралы ақпаратты Уәкiлеттi орган бұйрығының күшiне енетiн күнiне дейiнгi 10 күннен кешiктiрмей Жүк жөнелтушiлердің назарына жеткiзуге тиiс. 30. Төмендету коэффициенттi тарифтердi алып тастау туралы ұсыныс қабылданбаған жағдайда, Уәкiлеттi орган дәлелдi қорытынды шығарып, оны осындай ұсыныспен жүгiнген тұлғаға жiбередi. Мамандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады