«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің алдын алу жөніндегі шаралар туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 8 маусымда № 1541 болып тіркелген, Қазақстан, Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2001 жылы, № 27, 456 б. жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 343 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 26 сәуірдегі № 350 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Қ.Ш. Нұрғазиев) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оны мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.Ж. Күреңбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оған соңғы мемлекеттік органның басшысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі Денсаулық сақтау министрі
______ С.Н. Баймағанбетов __________ Ж.А. Досқалиев
2010 жылғы 1 қыркүйек 2010 жылғы 20 тамыз