Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдардың қоғамға қауiптi iс-әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнің 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 343, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министiнiң 2001 жылғы 26 сәуірдегі N 350 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 8 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1541. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 658 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 01 қыркүйектегі № 373 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.08.20 № 658 және ҚР Ішкі істер министрінің 2010.09.01 № 373 бірлескен бұйрығымен.

      "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер туралы" Z970096_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңын және Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнiң K970167_ медициналық сипаттағы шараларға қатысты бөлiгiн және осы мiндеттердi кешендi түрде орындау мақсатында
 
                              БҰЙЫРАМЫЗ:
 
      1. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдардың қоғамға қауiптi iс-әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау мен iшкi iстер органдарының өзара iс-қимылдарын ұйымдастыру туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерiнiң (басқармаларының) және Қазақстан Республикасы облыстық, қалалық iшкi iстер органдарының бастықтары:
      1) медициналық және сәйкестi iшкi iстер органдарына қатысты бөлiмшелердiң қызметкерлерi осы бұйрықпен қоса ұсынылған ереженi оқуды ұйымдастырсын, оның бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсiн;
      2) психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдармен жұмыста денсаулық сақтау мен iшкi iстер органдарының өзара iс-қимылдарын қамтамасыз етсiн, сонымен қатар қызметтiк мiндеттерiн атқаруда азаматтардың денсаулығы туралы деректердi таратпауды, олармен әдептi, адамгершiлiк қатынас жасауды қамтамасыз етсiн;
      3) психикалық аурулардан зардап шегушi адамдардың қоғамдық қауiптi iс-әрекеттерi туралы деректердi тексеру жүргiзiлсiн, оларды жасаудың себептерi белгiленсiн, бұл адамдармен бұрын өткiзiлген емдiк, әлеуметтiк-оңалту шаралардың тиiмдiлiгiне баға берiлсiн, кiнәлi адамдарға шара қолдансын, анықталған кемшiлiктер жойылсын.
      3. Облыстардың, Астана, Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) жетекшiлерi:
      1) психикасының бұзылуынан зардап шегушi аурулардың қоғамдық қауiптi iс-әрекеттерiнiң алдын алу, ол адамдарды анықтау, оларды қатаң түрде бақылау және емханалық ем жүргiзу, уақытылы ауруханаға жатқызу жөнiндегi психиатриялық, психоневрологиялық және наркологиялық мекемелердiң жұмыстарын бақылау жүргiзсiн;
      2) психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарды қадағалау, емдеу, әлеуметтiк-еңбек оңалту әсiресе қоғамдық қауiптi үрдiсi бар жағдайларда оларға құқықтық көмек көрсету бойынша ауруханалардан тыс және емханалық ұйымдардың жұмыстарында бiр iздiлiктi қамтамасыз етсiн;
      3) заңдылықты бұзып, психикасында бұзылу бар, қоғамдық қауiп төндiретiн адамдарды ауруханадан шығаруға тиым салсын;
      4) еңбек қабiлетiн жоғалтқан адамдарға дер кезiнде мүгедектiк тағайындалуын, тұрақты мекен-жайы жоқ ауруларды психикасының бұзылуынан зардап шегушi және әлеуметтiк байланысты жоғалтқан адамдардың жатақханаларына жiберудi, психоневрологиялық интернаттарға жiберу және қамқор көрсету үшiн құжаттарды рәсiмдеуге, iшкi iстер органдарымен бiрiгiп ауруларды қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге бақылау қойылсын.
      4. Мәжбүрлi емдеуде жүрген және ерiксiз тәртiппен ауруханаға жатқызылған психиатриялық ауруханалардан қашып кеткен науқастар туралы ақпаратты денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары аумақтық iшкi iстер органдарына уақытында жiберiп тұру мiндеттелсiн. Ауруханадан өзi қашып кеткен адамдардың шығарылуына тыйым салынсын.
      5. Iшкi iстер органдарының басшылары:
      1) психикасында бұзылу бар адамдарды ерiксiз ауруханаға жатқызуды жүзеге асыру, олардың қоғамға қарсы iс-әрекеттерiнің алдын алу мәселелерi жөнiнде iшкi iстер органының сәйкес бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң құрамымен сабақ жоспарлансын және өткiзiлсiн;
      2) психикасының бұзылысынан зардап шегушi адамның зиянды iс-әрекетiне көңiл аударсын және денсаулық сақтаудың мекемелерiне, iшкi iстер органдарына қоғамға қауiптi iс-әрекет жасау мүмкiндiгi туралы ақпаратты уақытылы хабарласын.
      Ерiксiз ауруханаға жатқызу кезiнде медицина қызметкерлерге көмек көрсету үшiн "Қазақстан Республикасының Ішкі iстер органдары туралы" U952707_ заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы, азаматтардың құқықтары мен олардың қауiпсiздiгiн қатаң қорғауға кепiлдiк беретiн ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлерi басшылыққа алынсын;
      3) психикасы бұзылған адамдар жасаған қылмыстардың әрбiр деректерi бойынша алдын-ала тергеу жүргiзсiн; Осындай iс-әрекеттер жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтасын және белгiленген тәртiппен тиiстi органдар мен ұйымдарға кемшiлiктердi жою жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      6. Iшкi iстердiң көшi-қон полиция бөлiмшелерi:
      1) психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдардың өтiнiшi бойынша психикасы бұзылған адамдарды, оларда жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, құжаттауды, сондай-ақ оларды тұратын жерi бойынша тiркеудi;
      2) тергеу изоляторының тұрған жерi бойынша онда жатқан психикасының бұзылуы бар, жеке басын куәландыратын құжаты жоқ, қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған және медициналық сипаттағы шараларды қолдану үшін психиатриялық ауруханаларға ауыстырылған адамдарды құжаттауды жүргiзсiн.
      7. "Психикасы бұзылған адамдардың қоғамдық қауiптi iс-әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 530 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 409 бұйрығы жойылсын.
      8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң Халыққа медициналық көмектi ұйымдастыру мен сапасын бақылау департаментiне және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қоғамдық қауiпсiздiк департаментiне жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасы             Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау iсi               Iшкi iстер министрi -
      жөнiндегi агенттiгiнiң             Iшкi әскерлер қолбасшысы
      Төрағасы                           генерал-майор

      Қазақстан Республикасы             Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау iсi               Iшкi iстер министрлігінің
      жөнiндегi агенттiгiнiң
      2001 ж. сәуірдегі 18               2001 ж. сәуірдегі 26
      N 343                              N 350
      бұйрығымен бекітілген              бұйрығымен бекітілген
 

      Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау мен iшкi iстер
органдарының психикасы бұзылуынан зардап шегушi адамдардың
    қоғамдық қауiптi iс-әрекеттерiнің алдын алу жөніндегі
             өзара бiрiгіп жасайтын iс-қимылдарын
                    ұйымдастыру туралы Ереже

                         1. Жалпы ережелер

      1. Қалыптасқан, ауыр түрде немесе жиi өршiп бiлiнетiн, ұзақ созылмалы психикалық аурумен ауыратын, қоғамдық қауiптi iс-әрекеттерге бейiм, сонымен қатар сот психиатрға мәжбүрлеп емдеуге, ауруханада қадағалауға бағыттаған адамдар психоневрологиялық диспансерде қатаң (диспансерлiк бөлiмшеде, кабинеттерде) бақылауда болулары керек.
      Бұл адамдардың диспансерлiк бақылау жөнiндегi тексеру карталары (030-1/у) психоневрологиялық диспансердiң жалпы картотекасында болады, бет жағының жоғарғы бұрышында "ҚДҚ" (қатаң диспансерлiк қадағалауда), МЕ (мәжбүрлеп емдеуде) деген таңба және түрлi-түстi белгi қойылады, немесе осы таңбамен бөлек белгi қойылады.
      2. Қоғамдық қауiптi iс-әрекеттерге бейiм, психикасы бұзылған адамдар тобына қосу, сонымен қатар олардың қатарынан шығару жағдайлары туралы нақты шешiмдi дәрiгер-психиатрлар комиссиясы психиатриялық стационарлардың медициналық құжаттарының және психоневрологиялық диспансердегi дәрiгерлерден алған деректер негiзiнде шығарады.
      3. Осы ереженің 2 тармағында көрсетiлген комиссияға:
      1) қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлi түрдегi шаралар қолдану арқылы жазаланған, бұрын қылмыстық заңдылықпен қарастырылған қоғамдық қауiптi iс-әрекеттер жасаған;
      2) психикалық бұзылысы анықталғанға дейiн қылмыс жасағаны үшiн жазасын өтеп шыққандар;
      3) аурулардың психикалық бұзылыстарының құрамына қоғамдық қауiптi iс-әрекеттердi жасауға бейiмдiлiгi бар (императивтi елестетушiлiк, сандырақтың кейбiр түрлерi, құштарлық патологиясы мен белсендiлiгi жоғары iс-әрекетi бар есалаң тәрiздi және т.б.) белгiлерi кiретiн, сонымен қатар бұрын ерiксiз ауруханаға жатқызылған;
      4) қоғамдық қауiптi iс-әрекет жасағанына қарағанда ақылынан ауысқан деп саналған, оған байланысты психозы үдеген, психикалық бұзылыстың орташа бiлiнетiн түрiнен зардап шегушi адамдар жiберiледi.
      4. Психиатрдың қатаң бақылауын және емдеуiн қажет ететiн топқа енгiзiлген психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарды психоневрологиялық диспансердiң дәрiгер-психиатры айына кем дегенде бiр рет тексередi.
      5. Психикасы бұзылған адамдарды психиатриялық ауруханаларға жатқызғанда, бiр ауруханадан екiншiге ауыстырғанда немесе диспансерлiк қадағалау үшiн психоневрологиялық ұйымдарға жiберетiн кезде, жiберiп отырған ұйым ол адамдардың қоғамдық қауiптi iс-әрекет жасауға бейiмдiгiн немесе емханадағы психиатрда мәжбүрлеп емдеуде жүргенi туралы қабылдаушы мекемеге мiндеттi түрде хабарлайды. Медициналық құжаттарға кiретiн деректерге қосымша ауру туралы мынадай мәлiметтер жiберiледi: негiзгi синдром; ауру ағымының түрi; психопатологиялық механизмi, қоғамдық қауiптi iс-әрекетiнiң сипаты мен олардың қайталануы; оларды жасауға мүмкіндік туғызатын немесе кедергi болатын өзiндiк және жағдайлық факторлары; осы кезеңде өткiзiлген емдеу-оңалту шаралары мен олардың тиiмдiлiгi; қоғамдық қауiптi iс-әрекеттердi болдырмау үшiн ұсынылатын шаралар.
      6. "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес психикасының бұзылуынан зардап шегушi және өзiнiң психикалық күйiне байланысты өзiне және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн адамдар психиатриялық ауруханаға өзiнiң келісiмiнсiз және оның заңды өкiлiнiң келiсiмiнсiз дәрiгер-психиатрдың шешiмi бойынша ауруханаға жатқызылуы мүмкiн, ол туралы туыстарына немесе прокуратура органдарының заңды өкiлiне жедел хабарлау керек. K090193
      Психикасының бұзылыстарынан ауыратын, өзiне немесе қоршаған ортаға қауiп төндiретiн адамдарды ауруханаға жатқызу үшiн үйiнен алып кетерде ауру немесе оның туысы қарсылық көрсетедi деген болжам негiзi болса, психоневрологиялық диспансердегi жедел психиатриялық көмектiң қызметкерлерi ауру тұратын аймаққа қызмет көрсететiн iшкi iстер органдарынан көмек сұрайды.
      Iшкi iстер органының бастығы, оның орынбасары психиатриялық қызметтiң жұмыскерлерi өтiнiш жасаған кезде көрсетiлген уақытта (қажет болғанда - тез арада), белгiленген адрес бойынша медициналық қызметкерлерге көмектесу үшiн iшкi iстер органы қызметкерiнiң келуiн қамтамасыз етедi.
      7. Ерiксiз ауруханаға жатқызу психиатриялық қызметкерлерге жүктеледi.
      8. Iшкi iстер органының қызметкерлерi ауруханаға жату керек адамдарды iздеудi және оларды ұстау кезiнде көмектесуді, адамдарды ауруханаға жатқызу немесе оларды қарау үшiн қауiпсiз жағдайды жүзеге асырады, ол адамдарды ауруханаға жатқызу үшiн кедергі жасайтын азаматтардың заңға қарсы iс-әрекеттерiне тоқтау жасайды.
      9. Аурудың бас салуда пайдаланатын заттарын тартып алу үшiн Ішкi істер органының қызметкерлерi медицина қызметкерлерiмен бiрлесiп оны жеке мiндеттi түрде тексередi.
      10. Туыстары жоқ немесе жеке тұратын ауруларды ауруханаға жатқызуда iшкi iстер органының қызметкерлерi олардың мүлiктерiн сақтау жөнiнде шаралар қолданады.
 
    2. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдардың
    қоғамдық қауiптi iс-әрекеттерінiң алдын алу жөнiнде
        денсаулық сақтау және iшкi iстер органдары
           өзара жасаған iс-қимылдарының тәртiбi
 
      11. Психоневрологиялық мекеме.
      1) Психикасы бұзылған, қатаң диспансерлiк бақылауда, емханалық психиатрдың мәжбүрлеп емдеуiнде және қадағалауында жүрген адамдардың тұратын жерiндегi iшкi iстер органдарына мынадай ақпараттарды жiбередi:
      қатаң диспансерлiк қадағалауда тұрған және емханалық психиатрдың мәжбүрлеп емдеуiнде жүрген адамдардың тiзiмiн жыл сайын қаңтардың 20-на дейiн;
      қатаң диспансерлiк бақылауда немесе емханалық психиатрдың бақылауында және мәжбүрлеп емдеуiнде жүрген психикасы бұзылған адамдардың мекен-жайының өзгеруi туралы, сондай-ақ тiркеу орнында оның ұзақ уақыт болмауы туралы деректердi;
      қатаң диспансерлiк бақылау тiзiмiне қайта алынғандар, емханалық психиатрдың мәжбүрлеп емдеуiне және қадағалауына алынған және одан шығарылған адамдар туралы, сәйкес шешiм қабылданғаны жөнiнде мәлiметтердi.
      2) Iшкi iстер органдарынан психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамның қылмыстық жазаға тартылатын iс-әрекеттер, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы туралы немесе қоғамдық қауiптi iс-әрекет жасауына себеп болатын ерекше мiнез көрсеткендiгi туралы, сондай-ақ мiнез-құлқынан психикалық бұзылысы бар екендiгi анық көрiнiп тұрған және соның салдарынан қоғамдық қауiптi iс-әрекеттер жасауы мүмкін адамдар туралы хабарды алған соң, ондай iс-әрекеттердiң дереу куәландырылуын қамтамасыз етедi (қажет болған жағдайда аталған адамдарды ұстаған iшкi iстер бөлiмшесiне барып) және жедел ауруханаға жатқызу қажеттiгi туралы мәселенi шешедi.
      12. Психиатриялық аурухана, психоневрологиялық диспансер.
      1) Жүйкесi ауыратын адамның жеке басын куәландыратын құжат болмаған (егер ол медицина мекемелерiне белгiсiз болса), немесе құжаттың аурудікі екенiне күдік туған жағдайда, сондай-ақ психикалық күйiне байланысты өзi жайлы ештеңе айта алмайтын аурудың келiп түскенi туралы бiр тәулiктiң iшiнде аймақтық iшкi iстер органына хабарлайды.
      2) Психиатриялық ауруханадан қашып кеткен, қоғамдық қауiптi iс-әрекеттерге бейiм ауруларды (мәжбүрлеп емдеуде жүргендердi қоса санағанда) iздеуге және қайтаруға шаралар қолданады, ол туралы:
      психиатриялық аурухана бар аймақта қызметтегi iшкi iстер органына, сонымен қоса қашып кеткен адам (оның толық сауалнама мәлiметтерiн, белгiлерiн, ерекше белгiлерiн, киiмiн, қашқынның және оның туыстарының, заңды өкiлiнiң мекен-жайын көрсетiп) тұратын аймақтың iшкi iстер органына;
      аурухана тұрған аймақтың тұрғындарына ауруханадан тыс (сонымен қоса жедел), сол сияқты қашып кеткен адам тұратын аймақта психиатриялық көмек беретiн, психиатриялық куәландыру және ауруханаға жатқызу үшiн емдеу-алдын алу мекемелерiне хабарлайды.
      Қашқан ауру табылған (ұсталған) жағдайда психиатриялық аурухананың, психоневрологиялық диспансердiң әкiмшiлiгi мен iшкi iстер органы iздеу шараларын тоқтату туралы ақпаратпен өзара алмасуын қамтамасыз етедi.
      3) Психиатриялық диспансер аурудың тұратын жерiндегi iшкi iстер органдарына, оның туыстары мен заңды өкiлiне аурудың ерiксiз ауруханаға жатудан немесе мәжбүрлеп емдеуден шығатыны туралы хат немесе жеделхат түрiнде хабар жiбередi.
      13. Iшкi iстер органы.
      1) Психоневрологиялық диспансерге диспансерлiк қатаң қадағалаудағы және емханада психиатрдың қатаң бақылауында және мәжбүрлеп емдеуiнде жүрген жүйкесi тозған адамдар туралы ақпараттарды мына жағдайларда:
      олар қоғамдық қауiптi iс-әрекет жасағанда, қылмыстық iс қозғалғанда, ұсталғанда, қамауға алынғанда;
      олар әкiмшiлiк заңды бұзғанда;
      олардың мiнез-құлқында қоғамдық қауiптi iс-әрекет жасайтын мүмкiндiктер анықталған және оларды куәландыру қажет болған жағдайда;
      олар мекен-жайын ауыстырғанда (ондай хабарды аурудың жаңа мекен-жайындағы iшкi iстер органына хабарлайды).
      2) Психикасы бұзылған адамдар жайлы аталған хабарлар оған қылмыстық iс қозғалған, ұсталған, ол қамауға алынған, әкiмшiлiк құқық бұзған кезден тұратын жерiнен есептен шыққан сәттен кейiн үш күндiк мерзiм ішінде психоневрологиялық диспансерге хабарланады. Мұндай адамдардың қоғамдық қауiптi iс-әрекет жасау мүмкiндiгiн куәландыратын мiнез-құлық ерекшелiктерi болған жағдайда және оны куәландыру қажет болғанда хабар тез арада жеткiзiлу керек.
      3) Психиатриялық ауруханаға (бөлiмшеге) аурудың жеке басын куәландыратын құжатсыз немесе оның аурудiкi екенiне күдiк туған жағдайда, сондай-ақ жүйкесi ауыратын науқас денсаулығына байланысты өзi туралы мәлiметтер бере алмаса, iшкi iстер бөлiмi оның кiм екенiн анықтау шараларын қолданады.
      4) Қатаң диспансерлiк бақылауда, емханалық мәжбүрлеп емдеу мен қадағалауда жүрген психикасы бұзылған адамдардың мекен жайын өзгерту, тiркелген жерiнде ұзақ уақыт болмауы туралы мәлiметтердi
психоневрологиялық диспансерден алған соң iшкi iстер органы дереу олардың қайда екенiн анықтаумен айналысып, олардың қоғамдық қауiптi iс-әрекеттерiнiң алдын алу шараларын қолданады. Iшкi iстер органы осы адамды анықтағаны туралы психоневрологиялық диспансерге хабарлайды.
      Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады