«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен заң күші бар электронды құжаттың қағаз жүзіндегі данасының заңды тең маңыздылығын куәландырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 маусымдағы № 287-п және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № 193 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4820 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері жинағында 2007 жылғы мамыр-шілдеде жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Байланыс және ақпарат министрі Әділет министрі
_________________А. Жұмағалиев ____________Р. Түсіпбеков