«Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен заң күші бар электронды құжаттың қағаз жүзіндегі данасының заңды тең маңыздылығын куәландырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 маусымдағы № 287-п және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № 193 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 18 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 99 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен заң күші бар электронды құжаттың қағаз жүзіндегі данасының заңды тең маңыздылығын куәландырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2007 жылғы 29 маусымдағы № 287-п және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № 193 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4820 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері жинағында 2007 жылғы мамыр-шілдеде жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
Байланыс және ақпарат министрі     Әділет министрі
_________________А. Жұмағалиев     ____________Р. Түсіпбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады