«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 464/65-IV «Демалыс күндерін ауыстыру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 29 маусымда № 683 болып тіркелген, 2011 жылғы 30 маусымдағы № 73 «Астана ақшамы», 2011 жылғы 30 маусымдағы № 77 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылдаған күнінен бастап күшіне енеді.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы А. Ким
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы Ж. Нұркенов