Демалыс күндерін ауыстыру туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы N 464/65-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 29 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 683 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.12.07 N 530/75-IV Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.12.07 N 530/75-IV Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасы елордасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармақшасын басшылыққа ала отырып, 6 шілде - Елорда Күніне арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге жағдай жасау мақсатында, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласында демалыс күндері 2011 жылғы 2 шілде сенбі күні мен 3 шілде жексенбі күнін 4-5 шілде дүйсенбі және сейсенбі күндеріне ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       С. Хамхоев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшы                       В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады