«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Мемлекеттік активтерді басқаруды және банкроттық рәсімдерді жоспарлау және оның әдіснамасы, тиісті бюджеттік бағдарламаларды талдау мен бағалау департаменті (Б.Х. Тәшенов) бір апталық мерзімде осы бұйрық күшіне енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен ресми баспа басылымына бұйрықтың көшірмесін жолдасын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 28 шілдедегі
№ 382 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы № 470 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1291 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2000 жылғы 20 желтоқсанда № 54 жарияланған);
2) «Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығарудың, тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 1 қарашадағы № 470 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 26 маусымдағы № 290 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1929 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 35, 682 құжат);
3) «Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы № 470 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 56 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2197 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, № 9, 2009 жыл);
4) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2004 жылғы 20 маусымдағы № 223 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2963 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері жиынтығында жарияланған, № 9, 2009 жыл);
5) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 604 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5418 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері жиынтығында жарияланған, № 9, 2009 жыл).