Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен республикалық мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi есептен шығарудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы N 470 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 қараша N 1291 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 шілдедегі N 382 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.07.28 N 382 бұйрығымен.

      Ескерту: Тақырыбы мен мәтiнiндегi "мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелерге" деген сөздер "республикалық мемлекеттік
кәсiпорындар мен республикалық мемлекеттiк мекемелерге" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы министрінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N 56 бұйрығымен .

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 31 наурыздағы N 482 қаулысымен бекiтiлген 1999-2000 жылдарға арналған жекешелендiру және мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру Бағдарламасын 2000 жылға арналған iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес, Бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған Республикалық мемлекеттік
кәсiпорындар мен республикалық мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi есептен шығарудың тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде оның мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігінің  
2000 жылғы 1 қараша N 470
бұйрығымен бекітілді 

Республикалық мемлекеттік
кәсiпорындар мен республикалық мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi есептен шығару туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

       1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Қарулы күштерiнде, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларында қолданылмайтын қару-жарақты, әскери техниканы, қорғаныс объектiлерi мен өзге де әскери мүлiкті қоспағанда, табиғи және сапалық тозуының салдарынан, табиғи апаттар мен авариялардың нәтижесiнде жарамсыздыққа келген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi - мемлекеттік кәсiпорындар) мен республикалық мемлекеттік мекемелерге (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер) бекiтiлген мүлiктi есептен шығару тәртiбiн анықтайды.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертілді - ҚР Қаржы министрінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N 56 бұйрығымен , 2004 жылғы  20 маусымдағы N 223 бұйрығымен .

      2. Нұсқаулық республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен республикалық мемлекеттiк мекемелерінiң негiзгi құрал-жабдықтарына (активтерiне) жататын мүлiкке таратылады.

      3. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн есептен шығаруға қажеттi құжаттаманы ресiмдеу осы Нұсқаулықтың 10-тармағында белгіленген шарттарды ескере отырып осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес құрылатын Комиссия тұжырымының негiзiнде жүзеге асырылады.

      4. Комиссия мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекеме
басшысының бұйрығымен құрылады.
      Мемлекеттiк кәсiпорында құрылатын комиссияның құрамына міндетті түрде:
      мемлекеттiк кәсiпорынның бас инженерi немесе басшысының орынбасары (Комиссияның төрағасы);
      бас бухгалтер немесе оның орынбасары;
      мүлiктiң сақталуына жауапкершiлiк жүктелген тұлғалар енгiзiледi.
      Мемлекеттiк мекемелерде құрылатын комиссияның құрамына міндеттi түрде:
      мемлекеттiк мекеме басшысының орынбасары (Комиссияның төрағасы);
      бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штат кестесi бойынша бас бухгалтер лауазымы болмаған жағдайда - бухгалтерлiк есеп жүргiзу жүктелген тұлғалар);
      мүлiктiң сақталуына жауапкершiлiк жүктелген тұлғалар енгiзiледi.
      Мүлiктiң жекелеген түрлерiн есептен шығаруда Комиссия құрамына тиiстi мамандар (сарапшылар) енгiзiледi.

2. Мүлiктi есептен шығару тәртiбi

           5. Табиғи және сапалы тозудың салдарынан, қызметiнiң белгiленген мерзiмдерi өтелгеннен кейiн, дүлей апаттар мен авариялардың нәтижесiнде өндiрiстiк мәнiн толығымен жоғалтқан, егер оны қалпына келтiру экономикалық жағынан орынсыз және мүмкiн емес болған мүлiк мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң балансынан шығарылады.
      Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы  20 маусымдағы N 223 бұйрығымен .

      6. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығару мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігінің 2008.12.23 N 604 Бұйрығымен

      7. Орталық мемлекеттiк орган болып табылатын мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн есептен шығару олардың шешімі бойынша жүзеге асырылады, аумақтық мемлекеттiк органдар болатын мемлекеттiк органдардың мүлкiн - олардан жоғары тұрған органдарымен келiсу бойынша.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелерінің мүлкін есептен шығару Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігінің 2008.12.23 N 604 Бұйрығымен .

      8. Республикалық бюджет есебiнен ұсталынатын және мемлекеттiк органдар емес мемлекеттiк мекемелер мүлкiн есептен шығару мемлекеттiк басқару органдарымен келiсiм бойынша iске асырылады.
      Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігінің 2008.12.23 N 604 Бұйрығымен .

      9. Жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталынатын мемлекеттiк мекемелер мүлкiн есептен шығару тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.

      10. Комиссия техникалық құжаттаманы, сонымен қатар бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiн қолдана отырып, есептен шығаруға жататын мүлiктi тексеріп қарайды және оның қайта қалпына келтiру және одан әрi қолдануға жарамсыздығын анықтайды, осы Нұсқаулықтың 5 тармағында көрсетiлген есепке шығарылудың себептерiн айқындайды, есепке шығарылып отырған мүлiктiң жекелеген түйiндерi, бөлшектерi, материалдарын қолдану мүмкiндiгiн анықтайды, оларды бағалайды, мүлiктiң мерзiмiнен бұрын қолданыстан шығарылуына айыпты болған тұлғаларды анықтайды және акт жасайды. Комиссияның қызметi арнайы бiлiмдердi қажет еткен жағдайда, оның құрамына тиiстi мамандарды (сарапшыларды) енгiзедi.
      Есептен шығару актілерi бекiтiлгенге дейiн мүлiктi ажырату мен бөлшектеуге рұқсат етілмейдi.
      Мүлiктi жоюдан алынған барлық бөлшек, торап, қосалқы бөлшек, материал және өзге материалдық құндылықтар (бұдан әрi - материалдар) үш топқа бөлiнедi:
      Бiрiншi топ - тiкелей қызметi бойынша олардың болжамалы пайдалануының бағасы бойынша бухгалтерлiк есептiң тиiстi шоттар кiрiсiне алынуға мiндеттi одан әрi қолдануға жарамды материалдар.
      Екiншi топ - қайталама шикiзат ретiнде (қара, түстi және асыл металдар, көнерген материал, отын және т.б.) кiрiске алынатын тiкелей қызметi бойынша одан әрi қолдануға жарамсыз материалдар.
      Үшiншi топ - одан әрi қолдануға жарамсыз материалдар. Осы топтың материалдары жойылуға жатады, бұл туралы акт жасалады.

      11. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген себептердiң салдарынан есептен шығару белгiленген формалардың (ОС-3, ОС-3 бюджет, ОС-4, 443, 444) актілерiмен 3 данада ресiмделедi.

      12. Комиссия 3-данада жасаған мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн есептен шығару актiлерi осы Нұсқаулықтың 6, 7, 8, 9 тармақтарына сәйкес құжаттардың мына тiзiмiмен:
      1) Комиссия хаттамасы;
      2) авария жағдайында - тиiстi лауазымды тұлға жасаған және бекiткен уақиға актiсiнiң көшiрмесiмен мемлекеттiк басқару органдарына келiсуге жiберiледi.
      Мемлекеттiк басқару органдарымен келiсiлген есептен шығару құжаттары тиiсiнше Комитетке немесе оның аумақтық органдарына жазбаша рұқсат алу үшiн жiберiледi.
      Ескерту: 12-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2002 жылғы 26 маусымдағы N 290 бұйрығымен .

      13. Мемлекеттiк мекеме мен мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкiн есептен шығару актілерi келiсiлген жағдайда жоғарғы сол жақ бұрышта "Келiсiлдi" деген белгi, күнi, тиiстi мемлекеттiк басқару органының мөрiмен бекiтiлген басшының қолы қойылады.
      Актiнiң, комиссия хаттамасының (уақиға актiсiнiң көшiрмесiнiң) бiр данасы тиiстi уәкiлеттi органда қалады, қалған екеуi - мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекемеге берiледi.
      Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2002 жылғы 26 маусымдағы N 290 бұйрығымен .

      14. Келiсілмеген жағдайда, мүлiктi есептен шығарудан бас тарту дәлелденуiмен құжаттардың пакетi мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.    

3. Қорытынды ережелер

      15. Есептен шығарудың қолданылып жүрген тәртiбi бұзылған жағдайда бұған айыпты тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.

      16. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес шешiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады