«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1998 жылғы 24 наурыздағы 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға (аң аулау мен балық аулаудан басқа) арналған шаруашылық мақсаттардың тізбесін және Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 629 бұйрықтың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3217 болып тіркелген және «Заң газеті» 2005 жыл 14 қазан № 126-127 (751) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (Жұмажанов Б.Ж.) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесін жолдасын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков