Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға (аң аулау мен балық аулаудан басқа) арналған шаруашылық мақсаттардың тізбесін және Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдалану ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 629 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3217. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 18-03/591 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.11.23 № 18-03/591 Бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі  Заңының 3 және  41-баптарына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға (аң аулау мен балық аулаудан басқа) арналған шаруашылық мақсаттардың тізбесі;
      2) Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдалану ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықты іске асыруды бақылау Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетінің төрағасына Е.А.Келемсеитке және Балық шаруашылығы Комитетінің төрағасына М.Х.Мусатаевке жүктелсін, қажеттігі бойынша.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға жатады.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2004 жылғы 5 қарашадағы   
N 629 бұйрығымен бекітілген 

  Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға (аң
аулау мен балық аулаудан басқа) арналған шаруашылық
мақсаттардың тізбесі

      Жануарлар дүниесінің объектілері мынадай шаруашылық мақсаттарға (аң аулау мен балық аулаудан басқа):
      1. Ауыл шаруашылық дақылдарын көбейтуге;
      2. Өсімдіктер мен орман кешендерін қорғауға;
      3. Жануарлар дүниесі объектілерін бөлуге;
      4. Тамақ өнімдерін, жемшөп пен биоминералдық жемшөп қоспаларын алуға;
      5. Жануарлардың тіршілік ету өнімдерін алуға және (немесе) олардың пайдалы қасиеттерін пайдалануға;
      6. Биологиялық белсенді заттар алуға;
      7. Таксидермия мен сувенир өнімдерін дайындауға пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2004 жылғы 5 қарашадағы   
N 629 бұйрығымен бекітілген 

  Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын
жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері
мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда
пайдалану ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдаланудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленді және жануарларды, олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдаланудың (аң аулау мен балық аулаудан басқа) тәртібін анықтайды.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесі объектілерін шаруашылық мақсаттарда пайдалануға құқығы бар.

      3. Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда шаруашылық мақсаттарға пайдалану ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүргізіледі.

      4. Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарға пайдалану жануарлар дүниесін жалпы және арнаулы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

  2. Жануарлар дүниесін шаруашылық
мақсаттарға жалпы пайдалану

      5. Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарлар дүниесін шаруашылық мақсаттарға жалпы пайдалануға, жануарлардың пайдалы қасиеттерін және олардың тіршілік ету өнімдерін мекендейтін ортадан алмай пайдалану (ауыл шаруашылығы дақылдарын тозаңдандыру үшін, өсімдіктердің зиянкестеріне қарсы күрес үшін және басқа) жатады.

      6. Жалпы пайдалану ақы алынбай және рұқсат берілмей жүзеге асырылады.

  3. Жануарлар дүниесін шаруашылық
мақсаттарға арнайы пайдалану

      7. Жануарлар дүниесін шаруашылық мақсаттарға арнайы пайдалануға, аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарлар дүниесі объектілерін, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін мекендейтін ортадан алып пайдалану жатады.

      8. Жануарлар дүниесін шаруашылық мақсаттарға арнайы пайдалануға:
      1) жануарларды олардың тіршілік ету өнімдерін алу немесе пайдалы қасиеттерін пайдалану үшін еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда өсіру және (немесе) ұстау үшін (аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарлар дүниесі объектілеріндегі аң шаруашылығы, серпентарии, инсектарии, ормандағы ара шаруашылығы және басқалар) аулау;
      2) жануарларды кейіннен мекендеу ортасына жібере отырып, тіршілік ету өнімдерін және олардың пайдалы қасиеттерін (жануарлар дүниесі объектілерінің биологиялық белсенді заттарын алу және басқалар) алу үшін аулау;
      3) жануарларды олардың пайдалы қасиеттерін, бөліктерін (соның ішінде ет, терілер, түбіт, қауырсын, сүйектер, баданалар, хитин жамылғылары, қан және басқалар) немесе олардың тіршілік ету өнімдерін пайдалану мақсатында аулау;
      4) жануарлардың жұмыртқаларын және тіршілік ету өнімдерін (құстардың ұясы, ара ұясы, мумие, саңғырық және басқалар) жинау жатады.

      9. Арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады