«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының қалалары мен аудан орталықтарында
объектілерді сумен жабдықтау және су бөлу жүйелеріне қосу үшін техникалық шарттарды беру және келісу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитетінің 1997 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1998 жылғы 25 ақпандағы № 475 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Коммуналдық шаруашылық департаменті осы бұйрықты Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алып тастау үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға С.Нокин