Қазақстан Республикасының қалалары мен аудан орталықтарында объектілерді сумен жабдықтау және су бөлу жүйелеріне қосу үшін техникалық шарттарды беру және келісу тәртібі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі Комитетінің төрағасымен БЕКІТІЛГЕН 1997 жылғы 30 желтоқсан Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 25 ақпан N 475 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 9 қазандағы N 520 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 09.10.2012 N 520 бұйрығымен.

      КЕЛІСІЛГЕН:                                  БЕКІТІЛГЕН:

Қазақстан Республикасының               Қазақстан Республикасының
стратегиялық жоспарлау және             Энергетика, индустрия және
реформалау жөніндегі                  сауда министрлігінің тұрғын
Агенттігі баға және монополияға          үй және құрылыс саясаты
қарсы саясат жөніндегі                   жөніндегі Комитетінің
Комитетінің төрағасы                         төрағасы
24 желтоқсан 1997 ж.                         30 желтоқсан 1997 ж.

Қазақстан Республикасының қалалары мен аудан орталықтарында
объектілерді сумен жабдықтау және су бөлу жүйелеріне қосу
үшін техникалық шарттарды беру және
келісу тәртібі туралы

                        I. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

      1.1. Осы нұсқау Қазақстан Республикасының қалаларында, аудан орталықтарында орналасқан жаңа, кеңітіліп жатқан және жаңаланған жұмыс істейтін объектілерді сумен жабдықтау және су бөлу жүйесімен ғимараттарына, коммуналдық сумен жабдықтау мен су бөлудің орталықтандырылған жүйелеріне қосу үшін техникалық шарттарды беру және келісу тәртібін, сондай-ақ қосу үшін рұқсат беру тәртібін, мазмұнын, құрамын белгілейді.
      1.2. Нұсқау Қазақстан Республикасының қалалары мен аудан орталықтарының су құбыры-канализация шаруашылығы ұйымдары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
      1.3. Бұл нұсқау тұрғын үй-коммуналдық және өнеркәсіп құрылысына арналған жобаларды әзірлеу жөніндегі қолданыстағы және бекітілген нұсқауды, тәртіпті және ережені күшінде қалдырады.
      1.4. Техникалық шарттарды беру кезінде ҚНжЕ 2.04.02-84* сумен жабдықтау 1.1. т. ҚНжЕ 2.04.03-85* "Канализация. Сыртқы желілер мен ғимарат", сондай-ақ объекті /кешен/ бойынша Су балансының схемасын Тапсырысшыдан алуды ескеру қажет.
 
           II. Су құбыры мен канализацияның сыртқы желілері мен
              ғимараттарын қосу үшін техникалық шарттар беру
 
      2.1. Жергілікті атқарушы органдардың сумен жабдықтау және су бөлу орталықтандырылған жүйелеріне қосу су құбыры-канализация шаруашылығы ұйымдары беретін техникалық шарттар негізінде орындалған және осы нұсқауда белгіленген тәртіппен келісілген жобалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.
      2.2. Сумен жабдықтау және су бөлу жүйелеріне объектілерді қосуға арналған техникалық шарт - бұл су құбыры-канализация шаруашылығы иесінің ерекше талабын мазмұндайтын құжат және тех су құбыры мен канализацияның сыртқы желілері мен ғимараттарында көрсетіледі.
      Объектілерді сумен жабдықтау және су бөлу жүйелеріне қосудың техникалық шарттары абоненттің су құбыры мен канализацияға қосылуы үшін рұқсат болып табылмайды.
      2.3. Су құбыры - канализация шаруашылығы иесі мен Тапсырыс шарасында берілетін судың сапалық құрамы бойынша шарттар мен осы елді мекенде қолданылатын нормативтерге сәйкес абоненттің қалалық канализацияға шығаратын ағынды суға талаптары айтылады.
      2.4. Сумен жабдықтау және су бөлу техникалық шарттарын беретін ие ұйымға өтініш Тапсырысшыдан осы Нұсқауға N 1 Қосымшаға сәйкес өтініште көрсетілген барлық материалдар міндетті түрде тігіліп, бір дана болып түсуге тиіс.
      2.5. Сыртқы желілер мен ғимараттарға сумен жабдықтау және су бөлу үшін техникалық шарт Тапсырысшы мекен-жайына осы Нұсқауға N 2 Қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
      Тәулігіне 1500 м3 жоғары шығындайтын /ағынды суды шығаратын/ объектілер үшін техникалық шарт жергілікті атқарушы органдармен міндетті келісу бойынша беріледі.
      Бұдан басқа, техникалық шарттарда гидравликалық режим, сумен жабдықтау және су бөлу жүйелерін дамытуға, сумен жабдықтау және су бөлу объектілерінің қолданыстағы ғимараттарын жаңғыртуға немесе салынып /жаңартылып/ кәсіпорын күшімен және соның есебімен объектілер салуға ықтимал үлестік қатысуы көрсетілуге тиіс.
      2.6. Су құбыры және су бөлудің жалпы қалааралық желілерін және ғимараттарын дамыту мәселесі әрбір жеке жағдайда облыстар, Ақмола және Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен шешіледі.
      Шағын кәсіпкерлік субъектілері өндіріспен шұғылданса /"Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес құрылған/ сумен жабдықтау және канализация бойынша қосылатын қуаттылығы үшін төлемнен босатылады.
      2.7. Техникалық шарттарды беру /себептері көрсетілген техникалық шарттарды беруден бас тарту/ - мерзімі - 10 күн.
      2.8. Объектілерді су құбыры мен канализацияның жалпы қалалық желілері мен ғимараттарына қосудың техникалық шарттары жобалық-сметалық әзірлемелердің және құрылысының нормативтік кезеңінің бойында жарамды және объектілерді жобалау мен салудың нормативтік мерзімі аяқталғаннан кейін ғана өзгертілуі мүмкін.
      2.9. Су құбыры мен канализацияның қалалық желілеріне қосу үшін рұқсат Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің N 80 30.05.1997 ж. бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының қалалары мен аудан орталықтарында коммуналдық су құбыры мен канализацияны пайдалану тәртібіне" сәйкес жүргізіледі.
      2.10. Жобалау аяқталғаннан кейін Тапсырысшы су құбыры-канализация шаруашылық ұйымына берілген техникалық шарттарда мазмұндалған талаптарды жобалық құжаттамаға енгізгендігін дәлелдейтін құжат тапсырады.
      2.11. Су тұтынуды арттырған немесе бұрын техникалық шарттарда көрсетілген есептеме көрсеткіштеріне қайшы ағын су көлемін арттырған немесе құрамын нашарлатқан жағдайда су құбыры-канализация шаруашылығының иесі су көлемінің артуына жол бермеуге және тиісті жаңа техникалық шарттар

 

мен талаптар орындалғанға дейін ағынды суды қабылдамауға қақылы.

     2.12. Даулы мәселелер немесе сумен жабдықтау және су бөлудің

техникалық шарттарын берудегі қиындықтар су құбыры және канализация

мәселелерімен шұғылданатын жобалау ұйымдарының қатысуымен төрелік

тәртіппен шешілуі мүмкін.


                                                              N 1 ҚОСЫМША


______________________________________________________ СКШ ұйымы


                  Су құбыры мен канализацияның қалалық

                  желілеріне қосу үшін техникалық шарттарды

                  беруге арналған


                       ӨТІНІШ


     1. Тапсырысшы, ведомоство және мекен-жайы ____________________________

__________________________________ телефон ________________________________

     2. Объектінің /кешеннің/ атауы және мекен-жайы _______________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

     3. Жобалау сатысы ____________________________________________________

     4. Құрылыстың басталуы 199 _ ж., құрылыстың аяқталуы 199 _ ж.

     5. Жобаланған объектінің межелік құны ________________________________

     6. Жұмыс істеушілердің межеленген саны __________________________ адам

     7. Ауысым саны _______________________________________________________

     8. Көп ауысымда жұмыс істеушілер саны ___________________________ адам

     9. Ғимараттың қабаттылығы ____________________________________________


                               I. СУ ҚҰБЫРЫ


     1.1. Судың ішу сапасына жалпы қажеттілік _____________________________

     шаршы метр/тәулік,

     ___________________________________ шаршы метр/ең көп сағат/ ең көп

су қоршауы сағаты/


                               Оның ішінде:

     а/ шаруашылық ішу мұқтажы үшін _____________________ шаршы метр/тәулік

                              _____________________ шаршы метр/ең көп сағ.

     б/ өндірістік мұқтаж үшін _________________________ шаршы метр/тәулік

                               ____________________ шаршы метр/ең көп сағ.

     1.2. Өрт сөндіру үшін қажетті шығын: _________________________________

                              ішкі                        л/сек

                              сыртқы                      л/сек

     1.3. Тәулік бойында талап етілетін қысым _________________________ МПа


                              II. КАНАЛИЗАЦИЯ


     2.1. Ағынды судың жалпы көлемі _________ шаршы метр/тәулік ___________

          ___________ шаршы метр/ең көп сағ. /ең көп су бөлу сағаты/


                                 соның ішінде:


     а/ әжетхана суы __________________________ шаршы метр/тәулік;

     б/ өндірістік ласталған _____________________ шаршы метр/тәулік;

                             ___________________ шаршы метр/ең көп сағ.

     в/ шартты-таза ______________________ шаршы метр/тәулік

                          ________________ шаршы метр/ең көп сағ.

     Қалалық канализацияға шығарылған су.

     2.2. Өндірістік ағынды судың сапалық құрамы мен сипаттамасы, осы

өндірістегі ағынды су ерекшеліктері /оның ішінде, сол елді мекенде қалалық

канализацияға өндірістік ағынды суды қабылдау тәртібін реттейтін,

нормативтік құжаттар белгіленген ингредиенттер тізбесі бойынша/.

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________


                            Өтінішке қосымша:

     1. Объектілер көрсетілген схема /қала бас жоспарынан түсірілген бүкіл

кварталдың көшірмесі/ М 1:500.

     Өтініш беруші ________________________________________________________

                                     /ұйымның атауы/


_______________________     ________________________     __________________

     лауазымы                        қолы                       ӘКТ


                              _____________________

                                   айы, күні



                                                              N 2 ҚОСЫМША


     КЕЛІСІЛГЕН:                                       БЕКІТЕМІН

_____________________                                  ____________________


_____________________                                  ____________________

  /Жобалаушы ұйым/                                          /СКШ иесі/


___________________________________________________________________________

               /техникалық шартты берген ұйымның атауы/


___________________________________________________________________________

                              /кімге беріледі/


     ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТ N ______________ "___" 199 _ ж.


     Объектінің атауы:

     Мекен-жайы:


                                 1. СУ ТҰТЫНУ


есептемелік су шығыны                              шаршы метр/тәулік

нақты су шығыны                                    шаршы метр/тәулік


     1.1. Қалалық желілер мен ғимараттарға қосылу үшін тапсырысшы міндетті:

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

     1.2. Су құбырындағы қосылу нүктесіндегі қысым _______ МПа .

     1.3. Су құбыры желісі /шеңберлік немесе тұйықтық/ ____________________

     1.4. Негізгі құдықтар мен гидранттарда үйлестіруші белгілерді

қарастыру.

     1.5. Жұмыс істейтін желілердің ішкі және сыртқы өрт сөндіру үшін

талап етілетін шығын мен қамтамасыз етілуі _______ л/сек.

     1.6. Жобаланған объектінің құрама сметасында қала су құбыры желісі

мен ғимаратын кеңейтуге үлестік қатысу үшін ____________________________

теңге қарастырылсын. Үлестік қатысу көлемі________________________________

____________________________ есеп шотына аударылсын.

     1.7. Жобалау кезінде сумен жабдықтаудың жұмыс істеуші жүйесінің санын

ескеру. Тоңазытқыш қондырғылары мен технологиялық мұқтаж үшін айналмалы

сумен жабдықтауды қарастыру.

     1.8. Басқа талаптар:

     болат құбырлары үшін электрохимқорғанысын қарастыру;

     қосу кезінде қысымды өлшеу үшін Д-15 мм. винтель қарастыру;

     кәсіпорын аумағында қосқан кезде суды есептеудің бірыңғай приборын

қарастыру:

     ішкі және сыртқы өрт сөндіру қолданыстағы ҚНжЕ сәйкес қарастыру;

     тұрғын үйлерде ауыз суын есептеудің пәтерлік приборларын орнатуды

қарастыру.


                           II. КАНАЛИЗАЦИЯ


есептемелік ағын су шығыны                        шаршы м/тәулік

ағын судың нақты шығыны                           шаршы м /тәулік


     2.1. Канализацияның қалалық желілер мен ғимараттарына қосылу үшін

Тапсырысшы міндетті: ______________________________________________________

     2.2. Жобаланған объектінің құрама сметасында қала канализациялық

желісі мен ғимаратын кеңіту үшін үлестік қатысуға _________ теңге

қарастырылсын.

     Үлестік қатысу көлемі __________ есеп шотына аударылсын.


 
       2.3. Жобалау кезінде канализацияның жұмыс істеуші жүйесінің саны ескерілсін. Ағынды суды тазалау қолданыстағы ҚНжЕ сәйкес қарастырылсын.
      2.4. Жаңа және жаңғыртылушы кәсіпорындар /объектілер/ үшін ҚР ауыл

 

шаруашылығы министрлігі су ресурстары жөніндегі Комитетінен арнайы су

пайдалану үшін рұқсат алу қажет.

     2.5. Жергілікті сумен жабдықтау және канализация тазалау ғимараттары,

сумен жабдықтаудың айналмалы жүйесінің ғимараты ҚР Экология және

биоресурстарминінің аумақтық органдарымен және Менсанқадағалаумен келісуге

тиіс.

     2.6. Ағынды канализация үшін техникалық шарттарды берумен келісу

жөніндегі талаптар.

     2.7. Сумен жабдықтаумен канализацияны қалалық жүйесіне қосу жобасы

пайдаланушы су құбыры-канализация шаруашылығы ұйымымен келісілсін.

     2.8. Техникалық шарттар __________ 199 _ жылға дейін жарамды.

     Лауазымы:

     /өндірістік-техникалық

      бөлімнің бастығы/


     Қолы:                                         Ә.А.Т.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады