«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 3 мамырдағы № 134/15-V «Жеңіс күніне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 8 мамырында № 776 болып тіркелді, 2013 жылғы 9 мамырдағы № 52 «Астана ақшамы», 2013 жылғы 9 мамырдағы № 57 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оны қабылдаған күнінен бастап күшіне енеді.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы Е.Сыдықов
Астана қаласының мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы А.Байгенжин