Жеңіс күніне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету қағидасы туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 3 мамырдағы № 134/15-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 мамырда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 776 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 164/20-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 26.07.2013 № 164/20-V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жеңіс күніне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       У. Досаев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының
2013 жылғы 3 мамырдағы  
№ 134/15-V шешімімен  
бекітілген       

Жеңіс күніне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету қағидасы

      Осы Жеңіс күніне Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету қағидасы (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жеңіс күніне мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтiк көмек көрсету (бұдан әрi – әлеуметтiк көмек) ағымдағы жылдың 9 мамырына Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын төменде көрсетілген санаттағы азаматтарға көрсетіледі.
      2. Астана қаласының бюджеті Әлеуметтiк көмектi қаржыландыру көзi болып табылады.
      3. Әлеуметтiк көмек «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеумет-тiк бағдарламалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнің әкiмшісі (бұдан әрi – әкiмші) болып табылатын «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек» бюджеттiк бағдарламасына сәйкес және қала бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.
      4. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөнiндегi орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Астана қалалық филиалының (бұдан әрi – МЗТО) МЗТО деректер қорында тiркелген Қағиданың 5-тармағында көрсетiлген санаттарға жататын азаматтар туралы мәлiметтері әлеуметтiк көмек көрсету үшiн негізі болып табылады.

2-тарау. Әлеуметтiк көмекті төлеу тәртібі

      5. Әлеуметтiк көмек ақшалай төлем түрiнде азаматтар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға мына санаттарға:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi – 140 000 (жүз қырық мың) теңге;
      2) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-баптарымен олардың мәртебесi белгiленген жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға – 16 000 (он алты мың) теңге;
      3) жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы iшiнен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан тұлғалардың жесiрлерiне, екiншi рет некеге тұрмаған, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң жесiрлерiне – 6 000 (алты мың) теңге;
      4) қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) – 6 000 (алты мың) теңге;
      5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға және Ұлы Отан соғысы жылдары кемiнде алты ай тылда жұмыс iстеген және бұрынғы КСР Одағының ерен еңбегi үшiн ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар – 6 000 (алты мың) теңге берiледi.
      6. Әлеуметтiк көмектiң сомаларын төлеу ақшалай қаражатты Астана қаласының екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады