Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылғы 5 шілдеден бастап:
"Бәсекелестік ортаға беруге жататын Астана қаласы коммуналдық меншік объектілерінің тізімін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 113-344 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 4 мамырда № 724 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы № 136-137 «Казахстанская правда», 2012 жылғы 12 мамырдағы № 231-235 (27309) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған);
"Бәсекелестік ортаға беруге жататын Астана қаласы коммуналдық меншік объектілерінің тізімін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 113-344 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 113-1316 қаулыларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 742 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 115 (2888) «Вечерняя Астана», 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 109 (2877) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.
Әкім И. Тасмағамбетов