Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2013 жылғы 10 шілдедегі № 2-010713-13-35319 наразылық енгізуіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. «Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 490 бұйрығының (нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiркелiмiнде № 8132 тiркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 12 қаңтардағы № 16-20 (27959); «Казахстанская правда» газетінің 2013 жылғы 12 қаңтардағы № 10-11 (27284-27285) жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі бақылау, нақты сектор бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) бiр апта мерзiм iшiнде осы бұйрықтың көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жiберсiн және оның мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Министр Б.ЖӘМІШЕВ