Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарына бекіту туралы" қаулысына сәйкес Астана әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жеке және заңды тұлғаларға көрсететін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 197-877 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2013 жылғы 28 маусымда № 783 тіркелді, 2013 жылғы 4 шілдедегі № 75 "Астана Ақшамы"), 2013 жылғы 4 шілдедегі № 81 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
Әкім И. Тасмағамбетов