"Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жеке және заңды тұлғаларға көрсететін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 197-877 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 197-918 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарына бекіту туралы" қаулысына сәйкес Астана әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жеке және заңды тұлғаларға көрсететін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 197-877 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2013 жылғы 28 маусымда № 783 тіркелді, 2013 жылғы 4 шілдедегі № 75 "Астана Ақшамы"), 2013 жылғы 4 шілдедегі № 81 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

       Әкім                                       И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады