Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылғы 1 шілдеден бастап:
1) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2010-2011 оку жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 22-291қ қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 17 мамырда № 630 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 мамырдағы № 53 (2519) «Астана ақшамы», 2010 жылғы 8 маусымдағы № 65 (2522) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
2) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 22-291 қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 маусымдағы № 22-544қ қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 28 маусымда № 679 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 шілдедегі № 78 (2688) «Астана ақшамы», 2011 жылғы 9 шілдедегі № 81 (2691) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелеін.
Әкім И. Тасмағамбетов