«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Хабарлама нысандарын және оларды статистика жөніндегі уәкілетті органдарға табыс ету Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 1 маусымдағы № 167 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2886 болып тіркелген, 2005 жылғы 32 тамыздағы № 83-84(708) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне белгіленген тәртіпте мәлімет үшін жолдауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Имашев