"Хабарлама нысандарын және оларды статистика жөніндегі уәкілетті органдарға табыс ету Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 1 маусымдағы № 167 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 220 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Хабарлама нысандарын және оларды статистика жөніндегі уәкілетті органдарға табыс ету Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 1 маусымдағы № 167 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2886 болып тіркелген, 2005 жылғы 32 тамыздағы № 83-84(708) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне белгіленген тәртіпте мәлімет үшін жолдауды;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                       Б. Имашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады