«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Газбен жабдықтау жүйелеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 4 қазандағы № 180 бұйрығының күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8921 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 282 және «Казахстанская правда» газетінде 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 344 жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаменті (С.А. Брекешев) бір апталық мерзім ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және ресми жариялау көздеріне жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ұ. Қарабалин
КЕЛІСІЛДІ КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
Өңірлік даму министрі агенттігінің төрағасы
____________Б. Жәмішев _______________М. Оспанов
"___" cәуір 2014 жыл "___" cәуір 2014 жыл