«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 174 бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9351 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты интернет-ресурсында орналастыруды және осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Министр Б. Сұлтанов