Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Парламенті Регламентінің 135-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Депутаттардың Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын қарау үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Парламенті Регламенті бойынша бірлескен комиссиясы мынадай құрамда құрылсын:
Башмаков - Қазақстан Республикасы Парламенті
Анатолий Афанасьевич Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму
комитетінің мүшесі
Жұмабаев - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ермек Жианшаұлы Сенаты Заңнама және құқықтық
мәселелер комитетінің мүшесі
Котович - Қазақстан Республикасы Парламенті
Валерий Николаевич Мәжілісі Экология мәселелері және
табиғат пайдалану комитетінің
хатшысы
Мұқаев - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ерболат Рахметұлы Сенаты Аграрлық мәселелер және
қоршаған ортаны қорғау комитетінің
мүшесі
Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Парламенті
Бауыржан Әлімұлы Сенаты Халықаралық қатынастар,
қорғаныс және қауіпсіздік
комитетінің мүшесі
Сәрпеков - Қазақстан Республикасы Парламенті
Рамазан Құмарбекұлы Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық
реформа комитетінің мүшесі
Темірболатов - Қазақстан Республикасы Парламенті
Серік Ғабдоллаұлы Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық
реформа комитетінің мүшесі
Шаекин Қазақстан Республикасы Парламенті
Рауан Михаилұлы Мәжілісі Аграрлық мәселелер
комитетінің мүшесі.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Парламент Регламенті бойынша бірлескен комиссиясының төрағасы болып Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы сайлансын.
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің
Төрағасы О. МҰХАМЕДЖАНОВ