1. "Жоғары бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z932700_ жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне 1993 жылғы 1 тамызға дейiн:
- Қазақстан Республикасы үкiметiнiң шешiмдерiн "Жоғары бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкес келтiру;
- Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының осы Заңға қайшы келетiн өз шектi шама құжаттарын қарауы мен олардың күшiн жоюын қамтамасыз ету;
- "Жоғары бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қолдану жөнiнде қажеттi шектi шама құжаттарын қабылдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне осы Заңнан туындайтын басқа мәселелер жөнiнде ұсыныстар табыс ету тапсырылсын.
3. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының заңдарын "Жоғары бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкес келтiргенге дейiн Қазақстан Республикасының осы Заңға қайшы келмейтiн тиiстi заң құжаттары қолданылады деп белгiленсiн.
4. Республика Жоғарғы Кеңесiнiң Ғылымды және халыққа бiлiм беру iсiн дамыту мәселелерi жөнiндегi комитетiне осы қаулыда көзделген шаралардың iске асырылу барысына бақылау жасауды қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне тиiстi ұсыныстар енгiзу тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы