Жоғары бiлiм беру туралы <*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 10 сәуiр. Заңның 16-бабының 3-бөлiмi және 21-бабының 2-бөлiмiнiң күшi 1997 жылғы 1 сәуiрге дейiн тоқтатылсын - ҚР Президентiнiң 1994.04.12. N 1652 жарлығымен. Заңның жоғарыдағы көрсетiлген бөлiмдерi күшiне қайта енгiзiлсiн - Қазақстан Республикасының 1994.07.14. Заңымен. Күшi жойылды - ҚР 1999.06.07. N 390 Заңымен. ~Z990390

      Жоғары бiлiм беру Қазақстан Республикасының үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi аса маңызды құрылымдық буын болып табылады.
      "Жоғары бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңына негiзделедi және жоғары бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерiн белгiлейдi, жоғары оқу орындарының ұйымдастырылуы мен қызметiнiң құқылық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн орнықтырады, азаматтардың жоғары бiлiм алуға конституциялық құқықтарын iске асыруға жағдай жасауға бағытталған, бiлiм беру процесi субъектiлерi арасындағы қатынастарды реттейдi, олардың құқықтары мен мiндеттерiн, құзыретi мен жауапкершiлiгiн белгiлейдi.
 
                    I бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
      1-бап. Жоғары бiлiм беру туралы Қазақстан Республикасы заңдары
      Жоғары бiлiм беру туралы Қазақстан Республикасы заңдары осы Заңнан, "Бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және жоғары бiлiм беру саласындағы қатынастарды реттейтiн басқа да заң құжаттарының ережелерiнен тұрады.
 
      2-бап. Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм беру саласындағы
             мемлекеттiк саясаты
      Қазақстан Республикасы жоғары бiлiм беру саласында рыноктық экономика жағдайында жұмыс iстейтiн бiлiктiлiгi жоғары мамандар даярлауға, оның iшiнде шетелде даярлауға бағытталған егемендi мемлекеттiк саясат жүргiзедi, оны iске асырудың ұйымдық-экономикалық механизмiн қалыптастырады, жоғары бiлiм берудiң басымдығын қамтамасыз етедi, меншiк түрi әр алуан жоғары оқу орындарына қолдау жасауды жүзеге асырады.
      Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдары өз аумағында жоғары бiлiм берудi дамытуға бұл мақсатқа қаржыландырудың қосымша көздерiн, соның iшiнде жергiлiктi бюджет қаражаттарын тарту, материалдық-техникалық және кадрлар базасын нығайту, жоғары оқу орындарында оқитындар мен олардың қызметкерлерiне тиiсiнше тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар туғызу, медициналық қызмет көрсету жолымен жәрдемдеседi.
 
      3-бап. Жоғары бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясат
             принциптерi
      Жоғары бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясат мынадай негiзгi принциптермен жүргiзiледi:
      - жоғары оқу орындары желiсiн үнемi жетiлдiрiп отыру, кадрлар даярлау iсiнде республиканың тәуелсiздiгiн жеткiлiктi қамтамасыз ету, рыноктық экономиканың, облыстар мен аймақтардың қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында мамандықтарды жаңарту;
      - Қазақстан Республикасы барлық азаматтарының жоғары бiлiм алу

 

құқықтарының теңдiгi (бұған жынысы, жасы, денсаулық жағдайы жөнiнен

бұл құқықтардың шектелетiн реттерi кiрмейдi);

     - қабылдау жоспарына сәйкес мемлекеттiк жоғары оқу орындарында

жоғары бiлiмнiң тегiн берiлуi;

     - жоғары бiлiм берудiң жекеше жүйесiне жәрдемдесу;

     - үздiксiз бiлiм берудегi сатылардың сабақтастығы қамтамасыз

ету;

     - жоғары бiлiмнiң ғылыми сипаты, құқылық және экологиялық

бағыты;

     - жоғары бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк-қоғамдық сипаты;

     - жоғары оқу орындарының құқықтарын кеңейте отырып, барлық

деңгейдегi басқару органдары арасындағы мiндеттi қызметтер мен

өкiлеттiктiң қайта бөлiнуiн көздеп, жоғары бiлiм берудi басқару iсiн

орталықсыздандыру;

     - жоғары бiлiм беру iсiн iзгiлiктендiру;

     - жоғары бiлiм беру iсiн дараландырып, саралау;

     - үздiк қабiлетiн көрсеткен азаматтардың бiрегей жоғары бiлiм

алуына мемлекет тарапынан жәрдем көрсету;

     - жоғары бiлiм iргелi бiлiмге айналдыру;

     - жоғары бiлiмдi, ғылым мен өндiрiстi етене жақындастыру;


 
       - бiлiм берудiң объективтi ғылыми бiлiм алуға кедергi келтiретiн партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың саяси және идеологиялық ықпалына тәуелсiз болуы.
 
      4-бап. Жоғары оқу орны және оның негiзгi мiндеттерi
      Бiлiм беру, кәсiптiк және ғылыми бағдарламаларды iске асыратын және жоғары бiлiм туралы құжат беруге құқылы заңды ұйым құқығы бар дербес субъект жоғары оқу орны болып табылады.
      Мемлекеттiк жоғары оқу орындарының құрамына жоғары оқу орнының немесе заңды ұйымның құрылымдық өлшемi мәртебесi бар оқу, ғылыми, өндiрiстiк және басқа бюджеттегi немесе шаруашылық есептегi бөлiмшелер ене алады.
      барлық бөлiмшелерiмен қоса алғанда, жоғары оқу орны бiртұтас бiр ғылыми-өндiрiстiк кешен - бiлiм беру мекемесi ретiнде жұмыс iстейдi.
      Жоғарғы оқу орындарының негiзгi мiндеттерi:
      - жеке адамның интеллектуалдық және мәдени жағынан жетiлудегi, таңдап алған қызмет саласында жоғары бiлiм мен мамандық алудағы қажеттерiн қанағаттандыру;
      - қоғамның жоғары бiлiмдi мамандар жөнiндегi әлеуметтiк экономикалық қажеттерiн қанағаттандыру;
      - жоғары бiлiктi мамандар, ғалым-педагог кадрлар даярлау;
      - iргелi, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу;
      - түрлi салалардың басшы қызметкерлерi мен мамандарын қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру болып табылады.
 
      5-бап. Жоғары оқу орнының құқылық мәртебесi
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк және жекеше жоғары оқу орындары жұмыс iстей алады.
      Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм беру саласындағы заңдары меншiк түрлерiне, ұйымдық-құқылық негiздерi мен бағыныстылығына қарамастан республиканың барлық жоғары оқу орындарына қолданылады.
      Жоғары оқу орнының қызметi оның Жарғысымен, ал халықаралық жоғары оқу орнының қызметi құрылтайшы-мемлекеттер үкiметтерi бекiткен Жарғымен регламенттеледi.
      Жоғары оқу орнының Жарғысы белгiленген тәртiпте тiркеледi.
      Жоғары оқу орны өзiнiң құрылымын жасауда, оқу процесi мен ғылыми қызметтi ұйымдастыруда, кадрларды iрiктеу мен орналастыруда, қаржы-шаруашылық мәселелерiн шешуде, шешiмдер қабылдауға және өз Жарғысынан туындайтын iс-қимылдарды жүзеге асыруда дербес болады.
      Жоғары оқу орны әртүрлi кәсiпорындармен және ұйымдармен келiсiмдер жасасуға, республика да, шетелде де оқу-тәрбие кешендерiн, оқу-ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiктер, қауымдастықтар, өзге де бiрлестiктер құруға немесе оларға кiруге құқылы.
      Мемлекеттiк жоғары оқу орындарында саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және дiни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметiне жол берiлмейдi.
 
      6-бап. Студенттер контингентiн қалыптастыру
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау жөнiндегi негiзгi ережелердi Бiлiм беру министрлiгi белгiлейдi. Қабылдаудың нақты ережелерiн жоғары оқу орны әзiрлейдi.
      Мемлекеттiк жоғары оқу орындарына студенттер қабылдау конкурстық негiзде:
      - мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк стандарт шегiнде мамандар даярлауға қабылдау жоспары;
      - кәсiпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен және басқа да заңды және жеке ұйымдармен тiкелей шарттар бойынша жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк жоғары оқу орнына қабылдау жоспарын Бiлiм беру министрлiгi (немесе жоғары бiлiм беру iсiн мемлекеттiк басқарудың тиiстi ведомстволық органы) белгiлейдi.
      Автономиялы өзiн-өзi басқаратын мемлекеттiк жоғары оқу орны мәртебесi бар жоғары оқу орындарында және мемлекеттiк емес жоғары оқу орындарында оқушылар контингентiн қалыптастыруды олардың өзi дербес жүргiзедi.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң
               1995.08.30. N 2441 жарлығымен. U952441_
 
      7-бап. Жоғары оқу орындарын құру, қайта құру және тарату
      Мемлекеттiк жоғары оқу орындарын Бiлiм беру министрлiгiнiң ұсынуымен Республика Үкiметi құрады, қайта құрады және таратады.
      Мемлекеттiк емес жоғары оқу орындарын құруды, қайта құруды және таратуды олардың құрылтайшылары - заңды ұйымдар мен нақты адамдар жүзеге асыра алады.
      Бiлiм беру қызметiне және Қазақстан Республикасы заңдары берген жеңiлдiктерге құқық жоғары оқу орындарында оларға лицензиялар берiлген күннен бастап пайда болады.
      Жоғары оқу орындарына бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензиялар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен берiледi.
 
                    II бөлiм. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ОҚУ, ӘДIСТЕМЕЛIК
                              ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТI
      8-бап. Оқу мазмұны
      Мемлекеттiк жоғары оқу орындарының оқу қызметi жоғары бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттары негiзiнде әзiрленген және Бiлiм беру министрлiгi бекiткен немесе белгiленген тәртiппен келiсiлген үлгi оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк стандарттар бiлiм беру мазмұнына (мiндеттi минимум), жоғары оқу орындарын бiтiрушiлердiң даярлық деңгейiне қойылатын қажеттi талаптарды белгiлейдi және бiлiм алу, сондай-ақ дипломдардың баламалылығын анықтау түрлерiне қарамастан, жоғары оқу орындарын бiтiрушiлердiң бiлiмi мен бiлiктiлiк деңгейiн объективтi бағалаудың негiзi болып табылады.
      Тиiстi саладан арнаулы орта бiлiмi бар адамдар қысқартылған және жеделдетiлген бағдарлама бойынша жоғары бiлiм алуы мүмкiн.
      Мемлекеттiк емес жоғары оқу орындарының оқу қызметiн олардың өздерi дербес жүзеге асырады.
      Бiлiмнiң мазмұнын нақтыландыру жоғары оқу орындарының ғылыми кеңестерi бекiтетiн жұмыс оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен белгiленедi.
 
      9-бап. Оқу және әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру
      Жоғары оқу орны мамандар даярлауды бiлiмдi, ғылым мен өндiрiстi ұштастыру, оқытуды белсендi әдiстер, жаңа ақпараттық технологиялар кешенiн қолдана отырып дараландыру негiзiнде студенттердiң шығармашылық даралығын, интеллектуалдық және практикалық қабiлеттерiн таныту, қалыптастыру және дамыту үшiн мүмкiндiктер туғызу арқылы жүзеге асырады.
      Жоғары оқу орны студенттердi оқу құралдарымен қамтамасыз етедi, оқуға еңбек пен тұрмысқа кiнәратсыз және қауiпсiз жағдайлар жасайды.
      Студенттердiң оқу шамасы, сабақ режимi денсаулық сақтау органдарының ұсыныстары негiзiнде жоғары оқу орындарының Жарғысымен анықталады.
      Жоғары оқу орны студенттердi бағалау жүйесiн, аттестаттаудың түрлерiн, тәртiбiн таңдауда дербес болады.
      Студенттердi оқу процесiнен алаңдатуға болмайды.
      Жоғары оқу орнының оқу жоспарын меңгеру бiтiрушiлерге мiндеттi қорытынды аттестаттау жүргiзумен аяқталады.
      Жоғары оқу орны әдiстемелiк жұмысты ұйымдастырып, жүргiзедi. Мемлекеттiк жоғары оқу орындарында әдiстемелiк жұмысты үйлестiрудi оқу әдiстемелiк бiрлестiктер (орталықтар) жүзеге асырады.
      Оқу-әдiстемелiк бiрлестiктер туралы үлгi ереженi Бiлiм беру министрлiгi бекiтедi.
      Жоғары оқу орнының тәрбиелiк мiндеттерi студенттер мен оқытушылардың бiрлескен оқу, ғылыми, шығармашылық, өндiрiстiк қызметiнде iске асырылады.
 
      10-бап. Оқыту тiлi
      Мемлекеттiк жоғары оқу орындарында оқыту қазақ және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi, мұның өзi тиiстi оқу бөлiмшелерiнiң қажеттi санын, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етiледi. Басқа тiлдерде мамандар даярлау республиканың қажеттерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Барлық жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiн және ресми түрде қолданылатын тiл ретiнде орыс тiлiн оқыту жоғары бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттарымен белгiленедi.
      Мемлекеттiк емес жоғары оқу орындарында тiлдiң (тiлдердiң) оқытылуын Бiлiм беру министрлiгiмен келiсiм бойынша олардың құрылтайшылары белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң
               1996.01.27.N 2829 жарлығымен. U962829_
 
      11-бап. Оқыту түрлерi
      Жеке адамның қажеттерi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып жоғары оқу орындарында оқыту өндiрiстен қол үзiп және қол үзбей, сондай-ақ экстернат шеңберiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
      Нақты мамандық бойынша оқытудың барлық түрлерi үшiн тиiстi салада жоғары бiлiм берудiң бiрыңғай мемлекеттiк стандарты қолданылады.
 
      12-бап. Жоғары бiлiм берудiң құрылымы
      Жоғары оқу орындарында оқытудың сипаты мен көлемi, мазмұны мен мерзiмi жөнiнен әртүрлi сабақтас бiлiми-кәсiби бағдарламалар iске асырылуы мүмкiн, олардың меңгерiлгенi түрлi деңгейдегi жоғары бiлiм туралы дипломдармен куәландырылады.
      Жоғары бiлiм берудiң көп деңгейлi құрылымы жеке адамның алуан түрлi мәдени-бiлiм талаптарын қанағаттандыруда жоғары мектептiң мүмкiндiгiн кеңейтуге, экономика мен еңбек рыногының өзгермелi қажеттерiн ескере отырып, мамандарды жалпымәдени, ғылыми және кәсiби даярлаудың икемдiлiгiн арттыруға бағытталған.
      Жоғары бiлiм мамандарын көп деңгейлi даярлау туралы ереженi республика Үкiметi бекiтедi.
 
      13-бап. Жоғары бiлiм туралы құжаттар
      Мемлекеттiк жоғары оқу орындарын бiтiрген адамдарға Бiлiм беру министрлiгi белгiлеген үлгiдегi, олардың жоғары бiлiм алғанын куәландыратын диплом берiледi.
      Мемлекеттiк емес жоғары оқу орындарын бiтiрген адамдарға мемлекеттiк диплом олардың бiлiм деңгейi мемлекеттiк стандартқа сай келген жағдайда берiледi.
      Мемлекеттiк емес жоғары оқу орындарында бiлiм алған адамдардың ақылы мемлекеттiк аттестаттаудан өтуге құқығы бар.
      Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм туралы дипломы оның бүкiл аумағында қолданылады.
      Жоғары бiлiм туралы шетелдiк жоғары оқу орындары берген құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық келiсiмдер негiзiнде танылады.
      Қазақстан Республикасында жоғары бiлiм туралы құжаттарды тану және тиiстi куәлiктер беру Бiлiм беру министрлiгi бекiткен тәртiппен жүзеге асырылады.
      Жоғары оқу орындары жоғары бiлiм туралы құжаттарды тану жөнiндегi халықаралық аймақтық конвенцияларға қосыла алады.
      ЕСКЕРТУ. 13-баптың 3-бөлiгiне өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң
               1996.01.27. N 2829 жарлығымен.
 
      14-бап. Ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмысты ұйымдастыру
      Жоғары оқу орны оқу-ғылыми ұйым болып табылады және өзiнiң ғылыми қызметiнде "Ғылым және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңын басшылыққа алады.
      Жоғары оқу орнының ғылыми-зерттеу жұмысының негiзгi мiндеттерi:
      - теориялық және қолданбалы мәселелердi талдап жасау;
      - оқулықтар мен оқу құралдарын жасау;
      - ғылыми-әдiстемелiк сипаттағы зерттеу жұмыстарын орындау болып табылады.
      Жоғары оқу орын ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн халық шаруашылығына енгiзуге қатысады, ғылым, техника мен мәдениет жетiстiктерiн насихаттайды.
      Жоғары оқу орындары ғылымының басты принципi оны оқу процесiмен, сондай-ақ академиялық және салалық ғылыммен ұштастыру болып табылады.
      Жоғары оқу орны Ғылыми кеңес бекiткен тақырыптық жоспар бойынша ғылыми зерттеулер мен шығармашылық жұмыс жүргiзедi, өзiнiң ғылыми мүмкiншiлiгiнiң ұтымды да тиiмдi пайдаланылуын, атқарылатын жұмыстың сапасын және қауiпсiз еңбек жағдайларын, студенттердi ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмысқа қатысуға кеңiнен тартуды қамтамасыз етедi.
      Жоғары оқу орнында жүргiзiлетiн ғылыми зерттеулер мемлекеттiк бюджет, шаруашылық шарттарды орындаудан алынатын қаражаттар, әртүрлi қорлар, банк кредиттерi, өз қаражаттары, жиналған жылу және басқа көздер есебiнен қаржыландырылады.
      Кадрлар, материалдық база және қаржыландыру көздерi болған жағдайда жоғары оқу орны қажеттi ғылыми-зерттеу институттарын, ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу бөлiмдерiн (секторларын), лабораториялар және басқа да бөлiмшелер құра алады.
 
                    III бөлiм. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРI
      15-бап. Студент мәртебесi
      Жеке өзiнiң өтiнiшi бойынша ректордың бұйрығымен жоғары мектептiң бiлiм-кәсiптiк бағдарламаларын меңгеру мүмкiндiктерiн бағалау негiзiнде оқуға алынған адам жоғары оқу орнының студентi болып табылады.
      Жоғары оқу орнының студентiне белгiленген үлгiде студенттiк билет пен есеп кiтапшасы берiледi.
      Студент жоғары оқу орнындағы бiлiм беру процесiнiң негiзгi субъектiсi болып табылады.
 
      16-бап. Студенттердiң құқықтары
      Жоғары оқу орындарының студенттерi:
      - мемлекеттiк бiлiм беру стандарттары ауқымында оқуға және қосымша (соның iшiнде ақылы) бiлiм беру қызметiн алуға;
      - оқудан бос кезiнде оқуын жұмыспен ұштастыруға;
      - жоғары оқу орнының қоғамдық ұйымдары мен басқару органдары арқылы жоғары оқу орындары қызметiнiң, студенттiк өмiрдiң аса маңызды мәселелерiн талқылау мен шешуге қатысуға;
      - жоғары оқу орнының кiтапханаларын, ақпарат қорын, оқу, ғылыми және басқа да бөлiмшелерiнiң қызметiн оның Жарғысында белгiленген тәртiппен тегiн пайдалануға;
      - ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференцияларға, симпозиумдарға қатысуға, өз жұмыстарын жариялауға, оның iшiнде жоғары оқу орындарының басылымдарында жариялауға;
      - жеңiлдiкпен медициналық қызметтi пайдалануға мемлекеттiк көлiкте (таксиден басқасында) жеңiлдiкпен жүруге;
      - бос орын болған жағдайда мемлекеттiк театрларға, кинотеатрларға, концерт залдарына, мұражайларға, стадиондарға жеңiлдiкпен кiруге;
      - оқудағы табыстары және ғылыми-зерттеу жұмысы мен шығармашылық қызметке белсене қатысқаны үшiн моральдық жағынан көтермеленуге және материалдық сыйақы алуға;
      - жоғары оқу орны әкiмшiлiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiне заңдарда белгiленген тәртiппен шағым беруге;
      - әскери қызметтi өтеудi кейiнге қалдыруға құқылы.
      Мемлекеттiк жоғары оқу орындарының өндiрiстен қол үзiп оқитын барлық үлгiрiмдi студенттерге стипендия төленедi. Стипендияның мөлшерiн жоғары оқу орны белгiлейдi, бiрақ ол Республика Үкiметi белгiлеген ең төмен мөлшерден кем болмауға тиiс, немесе студенттiң барлық меншiк түрiндегi кәсiпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен жасасқан шарттарының ережелерiмен анықталады.
      Мемлекеттiк жоғары оқу орындарының барлық студенттерiне әрбiр оқу жылында бiр рет оқу, ғылыми және әдiстемелiк әдебиет сатып алу үшiн стипендиясы мөлшерiнде жәрдем берiледi.
      Мемлекеттiк жоғары оқу орындарында жетiм балаларды және ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) қамқоршылығынсыз қалған балаларды ұстау мен оқыту толық мемлекеттiк қамсыздандыру негiзiнде жүзеге асырылады.
      Студенттерге жүктiлiк, бала туу жөнiндегi демалысы және баланы күту жөнiндегi демалысы кезеңiнде стипендия төлеу толық көлемiнде сақталып, бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
      Өндiрiстен қол үзiп оқитын, жоғары оқу орындары тұрған жерден баруға байланысты өндiрiстiк (педагогикалық) және оқу практикасынан өту үшiн кәсiпорынға, мекеме мен ұйымға жiберiлген барлық практикант студенттерге қызметтiк iссапар туралы шектi шама құжаттарына сәйкес тәулiктiк ақы төленедi.
      Жоғары оқу орындарының өндiрiстен қол үзбей оқитын студенттерiнiң жұмыс орны бойынша ақы төленетiн қосымша демалыс алуға, қысқартылған жұмыс аптасына және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жеңiлдiктер алуға құқылы.
      Жоғары оқу орындарының студенттерi мемлекеттiк кәсiпорындармен, қоғамдық бiрлестiктермен, кооперативтермен және жеке адамдармен контрактiлер жасасуға құқылы. Контрактiлерде даярлау құнын iшiнара немесе толық төлеу, стипендия, соның iшiнде көтерiңкi стипендия төлеу, кредит, белгiлi бiр жұмыс орнын, тұрғын үй беру және басқа жағдайлар жасау көзделуi мүмкiн.
      Студенттердiң республика заңдарымен және жоғары оқу орнының Жарғысымен белгiленген басқа да құқықтары бар.
 
      17-бап. Студенттердiң мiндеттерi
      Жоғары оқу орындарының студенттерi таңдап алған мамандығы бойынша теориялық бiлiмдi, практикалық дағдыны және зерттеулердiң қазiргi әдiстерiн меңгеруге, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларында көзделген тапсырмалардың барлық түрлерiн белгiленген мерзiмде орындауға, ұлттық және жалпыадамзаттық, рухани-адамгершiлiк қазыналарды құрметтеуге, iшкi тәртiп ережелерiн сақтауға, Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген басқа да талаптарды орындауға мiндеттi.

 

     Мiндеттердi бұзғаны үшiн студенттерге жоғары оқу орнының

Жарғысында белгiленген тәртiппен жоғары оқу орнынан шығаруға дейiн

тәртiптiк ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкiн.


     18-бап. Студенттердi оқудан шығару, қайта алу және ауыстыру

     Студент жоғары оқу орнынан:

     - өз тiлегi бойынша;

     - Дәрiгерлiк-Бақылау Комиссиясы анықтамасының негiзiнде

денсаулық жағдайы бойынша;

     - басқа жоғары оқу орнынан ауысуына байланысты;

     - академиялық үлгiрмеушiлiгi үшiн;

     - оқу тәртiбiн, iшкi тәртiп ережелерiн және жоғары оқу орнының

Жарғысын бұзғаны үшiн шығарылуы мүмкiн.


 
       Жоғары оқу орнының студентi белгiленген тәртiппен бiр жоғары оқу орнынан екiншiсiне, бiр мамандықтан екiншiсiне немесе оқытудың бiр түрiнен екiншiсiне белгiленген тәртiппен ауысуға құқылы.
 
      19-бап. Жоғары оқу орындарын бiтiрушiлердi жұмысқа
              орналастыру
      Мемлекеттiк тапсырыс бойынша мемлекеттiк жоғары оқу орындарының

 

күндiзгi бөлiмдерiн бiтiрушiлердi дербес бөлу арқылы жұмысқа

орналастырылуға тиiс.

     Жоғары оқу орындары шарттардың негiзiнде даярлаған бiтiрушiлер

осы шарттарға сәйкес жұмысқа жiберiледi.

     Жас мамандардың құқықтары мен мiндеттерi, оларды жұмысқа

орналастыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен

Ережелермен айқындалады.



     Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.08.30.

              N 2441 жарлығымен. 


U952441_




                   IV бөлiм. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ЖӘНЕ

                             БАСҚА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI

     20-бап. Жоғары оқу орындары оқытушыларының және басқа

             қызметшiлерiнiң мәртебесi


 
       Жоғары оқу орындарында профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамының, әкiмшiлiк-қызмет көрсетушiлiк, өндiрiстiк және көмекшi қызметкерлердiң лауазымдары көзделедi.
      Профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрам лауазымдарын, оқу-ғылыми бөлiмшелер басшыларын атқару - контрактiлiк немесе конкурстық негiзде, басқа қызметкерлер - еңбек шарты бойынша жүргiзiледi.
      Профессорлық-оқытушылық құрам лауазымдарын атқару туралы ереженi Бiлiм беру министрлiгi бекiтедi.
 
      21-бап. Оқытушылар мен басқа да қызметкерлердiң құқықтары
      Жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамы:
      - кәсiптiк қызметi үшiн жағдайлармен қамтамасыз етiлуге;
      - педагогтiң жеке ерекшелiктерiне мейлiнше толық сай келетiн және оқу процесiнiң жоғары сапасын қамтамасыз ететiн оқыту әдiстерi мен құралдарын еркiн таңдап алуға;
      - бiлiктiлiгiн белгiленген тәртiп бойынша арттыруға;
      - жоғары оқу орнының (факультеттiң) Ғылыми кеңесiне сайлауға және сайлануға;
      - жоғары оқу орны, факультет ғылыми кеңестерiнiң мәжiлiстерiнде және басқа да өзiн-өзi басқару органдарында оқу, әдiстемелiк, ғылыми, шығармашылық және өндiрiстiк қызметтiң аса маңызды мәселелерiн талқылауға қатысуға;
      - белгiленген тәртiппен халықаралық және республикалық ғылыми, әдiстемелiк съездерге, конференцияларға, кеңестерге қатысуға;
      - педагогтiк және ғылыми қызметтегi табыстары үшiн моральдық жағынан көтермелену мен материалдық сыйақы алуға, ордендермен және медальдермен наградталуға, құрметтi атақтар алуға;
      - өзiнiң кәсiптiк ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорғауға;
      - жоғары оқу орны әкiмшiлiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiне заңдарда белгiленген тәртiппен шағым беруге құқылы.
      Жоғары оқу орындарының педагог қызметкерлерiне жыл сайын мамандығы бойынша оқу, әдiстемелiк, ғылыми және басқа әдебиет сатып алу үшiн нысаналары мақсатпен лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде жәрдемақы бөлiнедi.
      Жоғары оқу орны педагог қызметкерлерiнiң "Бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен және басқа да заң құжаттарымен белгiленген басқа да құқықтары бар.
      Әкiмшiлiк-қызмет көрсетушi, өндiрiстiк және көмекшi қызметкерлердiң құқығы iшкi тәртiп ережелермен және лауазымдық нұсқаулармен белгiленедi.
      Жоғары оқу орнының құрамына енетiн ғылыми-зерттеу, конструкторлық-технологиялық, тәжiрибе-эксперименттiк, оқу, оқу-өндiрiстiк, өндiрiстiк шеберханалар (цехтар, шаруашылықтар) және басқа ұйымдар, бөлiмшелер қызметкерлерiне арналған жеңiлдiктер мен артықшылықтар салалар мен өндiрiстер қызметкерлерiнiң сондай категорияларына сәйкес белгiленедi.
      Жоғары оқу орындарының қызметкерлерiн қызметкерлердiң өз келiсуiнсiз олардың негiзгi қызметiне тән емес мiндеттердi атқаруға тартуға жол берiлмейдi.
 
      22-бап. Жоғары оқу орындары оқытушылары мен басқа
              қызметкерлерiнiң мiндеттерi
      Жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамы:
      - педагогтiк және ғылыми процестiң жоғары тиiмдiлiгiн қамтамасыз етуге, студенттердiң бойында дербестiктi, бастаманы, дара және шығармашылық қабiлеттi дамытуға, студенттердiң мемлекеттiк стандарттан кем түспейтiн бiлiм алуына қол жеткiзуге;
      - бiлiм мазмұнының жоғары ғылыми деңгейiн қамтамасыз ететiн ғылыми зерттеулер жүргiзуге, оларға студенттердi белсендi түрде қатыстыруға;
      - өзiнiң бiлiктiлiгiн арттырып отыруға;
      - студенттердi оқыту мен тәрбиелеу iсiн жоғары кәсiптiк деңгейде жүргiзуге, ұлттық, жалпыадамзаттық, рухани-адамгершiлiк қазынаға құрметпен қарауға тәрбиелеуге;
      - педагогикалық этика нормаларын, жоғары оқу орнының Жарғысы мен iшкi тәртiп ережелерiн сақтауға мiндеттi.
      Профессор-оқытушы және ғылыми қызметкерлердiң мiндеттерi жоғары оқу орнының Жарғысымен немесе контракт ережелерiмен регламенттеледi.
      Әкiмшiлiк-қызмет көрсетушi, өндiрiстiк және көмекшi қызметкерлердiң мiндеттерi iшкi тәртiп ережелерiмен және лауазымдық нұсқаулармен белгiленедi.
 
      23-бап. Жоғары оқу орындары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу
      Мемлекеттiк жоғары оқу орындары оқытушылары мен басшы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу атқаратын қызметiне, жоғары оқу орнының санатына орындайтын жұмысының сапасына, ғылыми дәрежесiне, ғылыми атағына сәйкес еңбекке ақы төлеу қорынан саралап жүзеге асырылады және ең көп мөлшерi шектелмейдi.
      Жоғары оқу орындары оқытушыларының жылдық оқыту жұмысы 700 сағаттан аспауға тиiс.
      Жоғары оқу орны еңбекке ақы төлеудiң түрi мен жүйесiн, үстемелердiң, қосымша ақылардың, сыйлықтардың және ынталандырушылық сипаттағы басқа да төлемдердiң мөлшерiн еңбекке ақы төлеуге арналған қаражат есебiнен және соның шегiнде дербес белгiлейдi.
      Қызметкерлердi контрактiлiк негiзде тартқан ретте оларға айлықақы сол қызмет үшiн белгiленген ең аз мөлшерден кем белгiленбейдi.
      Мемлекеттiк жоғары оқу орындарында оқытушыларға лауазымдық мiндеттерде, контрактiлерде және жеке жоспарда көзделмеген қосымша жұмысының барлық түрлерi үшiн ақы төленедi.
      Жоғары оқу орындарының қызметкерлерi өз оқу орнында да, сондай-ақ басқа оқу орнында, кәсiпорында, мекемеде, ұйымда белгiленген тәртiп бойынша жұмысты қосып атқара алады.
      Жоғары оқу орнына санат беру туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      ЕСКЕРТУ. 23-бапқа өзгерiс пен толықтыру енгiзiлдi - ҚР
               Президентiнiң 1996.01.27. N 2829 жарлығымен.
 
      24-бап. Ғылыми-педагог қызметкерлердi даярлау, қайта даярлау
              және олардың бiлiктiлiгiн арттыру
      Жоғары оқу орны ғылыми-педагог қызметкерлердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру үшiн жағдайлар жасайды, бөлiмшелер ұйымдастырып, мынадай түрлерiн белгiлейдi:
      - аспирантура;
      - докторантура;
      - iзденiс - кандидаттық емтихандар тапсыру, кандидаттық және докторлық диссертациялар әзiрлеу үшiн жоғары оқу орындарына бекiтiп беру;
      - докторлық диссертациялар әзiрлеу үшiн ғылым кандидаттарын ғылыми қызметкерлер лауазымына көшiру;
      - ғылыми, педагогтық, шығармашылық стажировка, соның iшiнде оларды кәсiпорындарда, ғылыми-зерттеу институттарында, конструкторлық бюроларда, басқа жоғары оқу орындары мен ұйымдарда, оның iшiнде шетелдерде стажировкадан өткiзу;
      - диссертацияны жазып бiтiру үшiн шығармашылық демалыс беру;
      - кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау институттарында, факультеттерiнде және орталықтарында бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау;
      - жоғары оқу орындары жанындағы арнаулы факультеттер мен курстарда қайта даярлау мен оқыту.
      Аталған оқыту түрлерiн ұйымдастыру Бiлiм беру министрлiгi бекiткен ережелермен анықталады.
      Жоғары оқу орнында бiлiм алғаннан кейiн мекемелерге жұмысқа кiрген кезде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жоғары оқу орындарын бiтiрушiлердiң құқықтары бiрдей болады.
 
                    V бөлiм. ЖОҒАРЫ БIЛIМ ЖҮЙЕСIН БАСҚАРУ
      25-бап. Жоғары бiлiм жүйесiн басқару органдары
      Жоғары бiлiмдi мемлекеттiк басқарудың орталық органы Қазақстан Республикасының Бiлiм беру министрлiгi болып табылады. Ол қай ведомствоға жататындығына қарамастан барлық жоғары мемлекеттiк оқу орындарына жалпы әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады.
      Жоғары бiлiмдi мемлекеттiк басқарудың ведомстволық органдары жоғары оқу орындары бар тиiстi салалық министрлiктер мен ведомстволардың құрамында жұмыс iстейдi.
      Жоғары бiлiмдi басқаратын мемлекеттiк органдармен қатар қоғамдық органдардың құрылуы мүмкiн, олардың қызметi республиканың Конституциясына, жоғары бiлiм беру туралы және қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
 
      26-бап. Жоғары оқу орындарын аттестаттау және аккредитивтеу
      Жоғары оқу орындарын мемлекеттiк аттестаттау және аккредитивтеу жоғары оқу орындары ұсынатын бiлiмнiң сапасын, оның мемлекеттiк бiлiм беру - кәсiптiк бағдарламаларға сәйкестiгiн бағалау, жоғары бiлiм беруге мемлекет бөлетiн бюджеттiк қаржыларды ұтымды пайдалану, мамандар даярлау мен ғылыми зерттеулердiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету, жоғары оқу орындары ұжымдарының шығармашылық белсендiгiн ынталандыру, жоғары оқу орнының мемлекеттік мәртебесiн (үлгiсi мен түрiн) белгiлеу мақсатымен жүргiзiледi.
      Мемлекеттік бақылау мiндетiн атқаратын жоғары оқу орындарын аттестаттау мiндеттi тәртiппен жүзеге асырылады, ал жоғары оқу орындары қызметiнiң түпкi нәтижелерiн қоғам мен мемлекеттiң ресми тануын алу үшiн аккредитивтеу ерiктi негiзде жүргiзiледi.
      Аттестаттау мен аккредитивтеудiң нәтижесi ойдағыдай болған жағдайда жоғары оқу орнына тиiсiнше аттестатталған немесе аккредитивтелген жоғары оқу орнының мәртебесi берiледi.
      Аккредитивтелген деп танылған жоғары оқу орындарына қосымша құқықтар мен жеңiлдiктер берiледi.
      (бесiншi бөлiк)
      ЕСКЕРТУ. 26-баптан сөздер мен 5-шi бөлiк алынып тасталды -
               ҚР Президентiнiң 1996.01.27. N 2829 жарлығымен.
 
      27-бап. Автономиялы жоғары оқу орны мәртебесiн беру
      Жоғары оқу орындарының бастамасы бойынша жүргiзiлетiн аккредитивтеу нәтижесiнде республика Үкiметi оларға автономиялы жоғары оқу орындары мәртебесiн беруi мүмкiн. Ерекше жағдайларда автономиялы жоғары оқу орны мәртебесiн Қазақстан Республикасының Президентi беруi мүмкiн.
      Автономиялы жоғары оқу орны оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дербес әзiрлеп, бекiтедi; барлық аккредитивтелген бағыттар мен даярлық деңгейлерi бойынша қабылдау жоспарларын белгiлейдi; жаңа мамандықтар ашады; оқытушылар мен студенттердi шетелге iссапарға жiберу туралы шешiм қабылдайды; шетелдiк ғалымдар мен мамандарды қоса алғанда, жұмысқа қызметкерлер жалдау жүйесiн енгiзедi.
      Автономиялы жоғары оқу орнының профессор және доцент ғылыми атақтарын берген кезде түпкi сараптама құқығы болады;
      Үкiмет қаржыландыратын республикалық және халықаралық бағдарламаларға қатысуда, жер учаскелерiн алуда, техника парктерiн, бизнес орталықтарын ұйымдастыру iсiнде мемлекеттiк және жергiлiктi органдар тарапынан жәрдем алуда, аккредитивтелген болашағы зор мамандықтар бойынша даярлықты кеңейту үшiн нысаналы мемлекеттiк дотациялар алуда басым құқықты пайдаланады. Автономиялы жоғары оқу орнының аккредитивтелген мамандықтарын бiтiрген түлектерi халықты жұмыспен қамту қызметтерiнiң жұмыспен кезектен тыс қамтамасыз ету құқығын пайдаланады.
      Автономиялы жоғары оқу орны жеке шектiк шамалар бойынша қаржыландырылады.
      Автономиялы жоғары оқу орнына басқа да құқықтар мен жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн.
      Автономиялы жоғары оқу орны туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
 
      28-бап. Жоғары оқу орындарына басшылық ету
      Жоғары оқу орнын басқару оның қызметi мәселелерiн шешу iсiне қызметкерлер мен оқушылардың барлық категорияларының қатысуы принципiне негiзделiп құрылады.
      Мемлекеттiк жоғары оқу орнының жоғары органы Ғылыми кеңес болып табылады. Ғылыми кеңестiң жұмыс тәртiбi мен жұмыс регламентi жоғары оқу орнының Жарғысымен белгiленедi.
      Мемлекеттiк жоғары оқу орнына тiкелей басшылықты Бiлiм беру министрлiгi (немесе жоғары бiлiмдi мемлекеттiк басқарудың тиiстi ведомстволық органы) тағайындайтын ректор жүзеге асырады.
      Аккредитивтелген деп танылған мемлекеттік жоғары оқу орындарының өз ректорын сайлап қою құқығы бар.
      Ректор жоғары оқу орны жұмысының нәтижесi үшiн толық жауапты болады. Осы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жоғары оқу орнының атынан iс-қимыл жасайды, барлық органдарда, мекемелерде, кәсiпорындарда одан өкiл болады, жоғары оқу орнының мүлкiне билiк етедi, шарттар жасасады, сенiмхат бередi, банкiде жоғары оқу орнының есебiн ашады.
      Жарғыда белгiленген өз өкiлеттiгi және жоғары оқу орнының құзыретi шегiнде ректор жоғары оқу орнының барлық қызметкерлерiне, студенттерi мен басқа да оқушыларына мiндеттi бұйрықтар шығарып, нұсқаулар бередi.
      Мемлекеттiк емес жоғары оқу орнының басшысын оның құрылтайшысы тағайындайды.
 
                    VI бөлiм. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ
                              ҚЫЗМЕТI
      29-бап. Жоғары оқу орындарын қаржыландыру
      Мемлекеттiк жоғары оқу орындарын қаржыландырудың негiзiне халықаралық тәжiрибенi ескерiп, бiр студентке жұмсалатын нақты шығындарды бiрте-бiрте көбейту принципiн негiзге ала отырып, әрбiр студентке шаққандағы мемлекеттiк шектiк шамаларға сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiнен бөлiнетiн қаржы алынады. Шектiк шамалардың абсолюттiк мөлшерi ақшаның құнсыздану қарқынына сәйкес индекстелiп отыруға тиiс.
      Мемлекеттiк жоғары оқу орындарын қаржыландырудың негiзгi көздерi:
      - мамандарды жергiлiктi жерлерде одан әрi пайдалану үшiн оларды

 

даярлауға жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн қаражаттар;

     - шаруашылық және өзге де шарттарды орындағаны үшiн алынатын

қаражаттар;

     - банк кредиттерi, депозиттiк салымдардан, бағалы қағаздардан

түсетiн кiрiстер;



     - ғылыми, баспагерлiк, товарлы өнiмдi сатудан алынатын

қаражаттар;

     - бiлiм берудi iске асырудан және өзге де қызметтер көрсетуден

алынатын қаражаттар;

     - сыртқы экономикалық қызметтен алынатын қаражаттар;

     - салалардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың, кооперативтердiң

ерiктi жарналары;

     - жекелеген адамдардың жинаған жылулары;

     - басқа да түсiм көздерi болуы мүмкiн.


 
       Ерекше дарынды жас адамдарға арналған элитарлық үлгiдегi мемлекеттік жоғары оқу орындары, автономиялы жоғары оқу орындары немесе эксперимент режимiнде жұмыс iстейтiн жоғары оқу орындары жеке шектiк шамалар бойынша қаржыландырылады.
      Әртүрлi көздерден түсетiн барлық қаражаттар жоғары оқу орындарын мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырудың шектiк шамалары мен абсолюттi мөлшерiн кемiтпейдi.
      Қызметтiң барлық түрлерi бойынша шығындардан жасалған үнем алынып қойылмауға тиiс, жоғары оқу орындарының билiгiнде қалады және белгiленген тәртiппен олардың өз қажеттерiне пайдаланылады.
      Мемлекеттiк емес жоғары оқу орындарын қаржыландыру республика заңдарына сәйкес құрылтайшылардың қаражаттары, жоғары оқу орындарының өз қаражаттары және басқа көздер есебiнен жүзеге асырылады.
      Жоғары оқу орындары алған валюта қаражаттары олардың өз билiгiнде қалады.
      Озық тәжiрибе алмасу, студенттер мен қызметкерлердiң мәдени және шығармашылық дамуы, жоғары мектептiң материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiндегi шараларды жүзеге асыру үшiн, сондай-ақ жоғары оқу орындары ұжымдарының әлеуметтiк мұқтаждарына республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттарды үнемдеу, жоғары оқу орындарының ақылы қызмет көрсету, кәсiпорындармен және ұйымдармен шарт бойынша тапсырыстарды, жұмыстарды орындау жөнiндегi шаруашылық есеп қызметi есебiнен алған қаражаттары сомасынан бөлiнетiн жарналар, өнiм өткiзуден және басқа да өндiрiстiк қызметтен алынған табыстар есебiнен орталықтандырылған даму қоры мен қаржы резервтерi құрылады.
      ЕСКЕРТУ. 29-бап сөздермен толықтырылды - ҚР Президентiнiң
               1996.01.27.N 2829 жарлығымен.
 
      30-бап. Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасы
      Мемлекеттiк жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын құру мен дамыту мемлекеттiк тапсырыстар негiзiнде шектi шамалар бойынша басым тәртiппен жүзеге асырылады.
      Жоғары оқу орнының мемлекеттiк мүлкi оған оралымды басқару құқығымен тиесiлi болады және алып қоюға немесе жоғары оқу орнының негiзгi мiндеттерi мен мүдделерiне қайшы келетiн мақсаттарда пайдалануға болмайды.
      (3-бөлiк)
      ЕСКЕРТУ. 30-баптан 3-шi бөлiк алынып тасталды - ҚР Президентiнiң
               1996.01.27. N 2829 жарлығымен.
      31-бап. Жоғары оқу орындарының өндiрiстiк-шаруашылық және
              коммерциялық қызметi
      Жоғары оқу орындары өндiрiстiк-шаруашылық және коммерциялық

 

қызметтен табыс табуға құқылы, ол табыстар оларға толық шаруашылық

жүргiзу құқығында тиесiлi болады.

     Бiлiм беру министрлiгi (немесе тиiстi ведомстволық мемлекеттiк

басқару органы), егер мемлекеттiк жоғары оқу орнының

өндiрiстiк-шаруашылық және коммерциялық қызметi жарғылық қызметке

нұқсан келтiретiн болса, сот шешiмiне дейiн оны тоқтата алады.


     32-бап.



     Ескерту. 32-бап алынып тасталды - ҚР Президентiнiң 1995.10.05.

              N 2488 жарлығымен. 


U952488_




                   VII бөлiм. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

     33-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шет мемлекеттерде

             жоғары бiлiм алу құқығы

     Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекеттерде жоғары

бiлiм алуға құқылы. Бұл құқық жеке басының бастамасымен не

мемлекетаралық келiсiмдер арқылы iске асырылады.


     34-бап. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың

             Қазақстан Республикасында бiлiм алу және педагогтiк

             қызметпен айналысу құқығы


 
       Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде жоғары бiлiм алуға және педагогтiк қызметпен айналысуға құқылы.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында халықаралық келiсiмдерде көзделген тәртiппен, сондай-ақ жоғары оқу орны шетелдiк ұйымдармен және жекелеген шетел азаматтарымен жасасқан шарттар мен контрактiлер бойынша жоғары бiлiм алып, педагогтiк қызметпен айналыса алады.
 
      35-бап. Жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастығы
      Жоғары оқу орындары шетелдiк және халықаралық мекемелермен және ұйымдармен тiкелей байланыстар орнатуға құқылы.
      Олар жоғары бiлiм және ғылыми қызмет, қайта даярлау мен бiлiктiлiктi арттыру саласында ынтымақтастық туралы шарттар жасасуға, шет мемлекеттердiң оқу және ғылыми орындарына студенттердi, аспиранттарды, оқытушыларды оқуға (соның iшiнде алмасу тәртiбiмен) жiберуге құқылы.
      Жоғары оқу орындарының халықаралық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
 
      36-бап. Жоғары оқу орындарының сыртқы экономикалық қызметi
      Жоғары оқу орындары сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға, республикада да, шетелде де шетелдiк контрагенттермен өз атынан мәмiлелер және өзге де заң құжаттарын жасасуға, валюта қоры болуына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелдiк

 

фирмалармен бiрлесiп кәсiпорындар құруға құқылы.


     37-бап. Халықаралық шарттар

     Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында "Жоғары

бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңындағыдан өзгеше

ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi

қолданылады.


     Қазақстан Республикасының

         Президентi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады